«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры зауыт аруларын бүкіләлемдік әйелдер мерекесімен құттықтады

10.03.2020
1279 просмотров
«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры зауыт аруларын бүкіләлемдік әйелдер мерекесімен құттықтады
Еліміздің мұнай өңдеу саласындағы байырғы кәсіпорынның өндірістік буындарында жоғары сапалы өнім шығаруға ерлермен бірге қыз-келіншектер де өз үлесін қосып келеді. 

Қазір олардың саны 400-ден асты. «Атырау мұнай өңдеу зауытында бірнеше цех, бірнеше химиялық зертхана бар. Бұларда жұмыс жасайтын мамандар буыны жыл сайын ауысып тұрады. Бізде жұмысқа қабылданған мамандарды ер-азамат, әйел деп бөлмейміз. Ең бастысы –өзінің атқаратын жұмысын жетік білуі. Сол себептен, бізге келетін жыл сайын мамандардың арасында қыз-келіншектер де кездеседі. Қазір біздің зауытта 400-ден астам қыз-келіншек жұмыс істеп жүр. Олар –химимялық сараптама лаборанттары, инженерлер, операторлар, экономистер, есепшілер, заңгерлер. Біз зауытта осындай жауапты жұмысты атқарып жүрген қыз-келіншектер еңбегін жоғары бағалаймыз. Өйткені, олардың бәрі де зауытта өз мамандығының шеберлері, өндірістің көрсеткіштің жақсаруына, ұжымдық табыстың молаюына үлес қосып келеді. Бәрі де отбасында сүйікті жар, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы ана. Әріптес қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтап, бар жақсылықты тілеймін» -деді 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткен шарада Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Шухрат Данбай.

         Кәсіпорын басшысы мерекеге орай отандық мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына лайықты үлесін қосып жүрген 40-тан астам қыз-келіншекті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің алғыс хатымен марапаттады.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу