"Атырау МӨЗ" ЖШС және С. Өтебаев Атырау Мұнай және газ университеті, зауыт бас директоры Ш. Данбай мен білім ордасының ректоры Г.Шакуликованың қатысуымен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат Атырау МӨЗ тарапынан "Химия және химиялық технология" кафедрасының оқу-өндірістік филиалын құру және дамытуға көмек көрсету, университет ғимаратындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарына және ЖОО зертханалары мен оқу аудиторияларын жабдықтауға көмек көрсетуді көздейді.
"Атырау МӨЗ мен Атырау Мұнай және газ университеті арасында біз одан әрі де нығайта түсуге ниеттеніп отырған, іскерлік қарым-қатынас бар. Аталмыш білім ордасы зауыт үшін нағыз керекті мамандарды дайындайтын мекен болып табылады.
Бүгінде АМӨЗ мұнай өңдеуден басқа мұнай химиясын дамытуға бағыт алды, сондықтан білікті мамандарға деген қажеттілік бар. Бұл келісім осы мәселелерді шешуге деген алғашқы қадам екендігіне сенімдімін», - деді " АМӨЗ " ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай меморандумға қол қойғаннан кейін.
Өз кезегінде, Атырау Мұнай және газ университеті.С. Өтебаева мұнай-химия саласының қызметкерлері мен мамандарын, оның ішінде қашықтықтан оқыту нысанын пайдалана отырып, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша Атырау МӨЗ қызметкерлеріне қосымша кәсіптік білім беретін болады.
Сондай-ақ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласындағы ресейлік және шетелдік мамандарды тарта отырып, Атырау мұнай өңдеу зауыттарының қызметкерлері үшін дәрістер, кәсіби семинар-тренингтер, мастер-кластар, конференциялар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, аталмыш ЖОО студенттері АМӨЗ базасында тәжірибеден өтетін болады.
Меморандумда басқа бағыттар бойынша да ынтымақтастық қарастырылған.
Меморандумға қол қою Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында өткен «мұнайхимияға арналған кадрлар» тақырыбында өткен дөгелек үстел аясында, «Қаз мұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығының, Қазақстан мен Ресейдің жетекші мұнай кәсіпорындары мен жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өтті.
Назад к списку новостей