ҚР ОАР Төтенше және Өкілетті елшісі К.Мэттьюс зауытта болды

27.02.2020
1177 просмотров
ҚР ОАР Төтенше және Өкілетті елшісі К.Мэттьюс зауытта болды

         Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Африка Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс ханым Атырау қаласына жұмыс сапары аясында АМӨЗ-де болды. Сапардың мақсаты-мұнай-газ саласында екіжақты қарым-қатынастарды жолға қою болып табылады. 

Сапар барысында К.Мэттьюс кәсіпорын аумағын еркін аралап, оның жұмысымен танысты. Елшіге зауытты жаңғыртудың үш кезеңін жүзеге асыру, табиғат қорғау іс-шаралары, өндірістік процестерді цифрландыру, әлеуметтік саясат туралы кеңінен түсінік берілді. Кейін мейманымыз АМӨЗ қызметімен танысуды зауыттың бас директоры Шухрат Данбайдың кабинетінде жалғастырды. Кездесу барысында К. Мэттьюс Бас директорға ОАР мамандарының тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруға ұсынысын білдірді.

 

         Мэттьюс ханым Бас директорға жылы қабылдағандығы үшін алғыс айтып, мұнайдың аналогы бола алатын, арзан синтетикалық көмірсутекті қоспаны алу үшін көмір өңдеу технологиясы жақсы дамыған, Оңтүстік Африка мемлекетінде қонақ болуға шақырды.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу