Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні Бас директор Шухрат Данбай 2019 жылды қорытындылап, кәсіпорынның еңбек ұжымымен есептік кездесу өткізді.
Кездесуге зауыт ардагерлері мен мердігер мекемелер қатысты. Өткен жыл Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін маңызды болды, себебі зауыттың жаңғыртудан кейінгі алғашқы жылы болатын. 2019 жылда зауыт 5 млн 388 мың тонна мұнай өңдеді. 1 млн. 198 мың тонна автокөлік жанармайы өндірілді.
Дизель отындары мен бензиндер өндірісінің барлық көлемі Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес К4 және К5 экологиялық классына сәйкес келеді. Сонымен қатар жыл бойына мұнайхимия өндірісінің көлемі артты. 2019 жылы АМӨЗ Еуропаға К5 экологиялық классты Аи-92 автокөлік жанармайын экспорттауды бастады, ал ішкі нарыққа - температурасы минус 38 С болатын Khazar аязға төзімді дизель отынын жеткізуді бастады.
Өткен жылдың жазында зауытта жөндеу жұмыстары сәтті жүргізілді,ол әзірленген RLG әдістемесі бойынша жоспар-кестеге сәйкес жасалынды. Зауыт үшін бұндай күрделі жұмыстардың осындай шектеулі уақытта жүргізілгені зауыт тәжірибесінде алғаш рет. Атап айтқанда, алғаш рет ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысында ауқымды жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды, онда 1969 жылдан бері пайдаланылып келген 1500 м-ден астам құбыр жолдары ауыстырылды. Жөндеу кезінде жалпы 140 тонна құбыр алмастырылды.
2019 жылы Қазақстан Республикасының бюджетіне "АМӨЗ" ЖШС – дан 38 млрд. 467 млн. теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 7 млрд. 385 млн. теңге; жергілікті бюджетке (облыстық) 29 млрд. 369 млн. теңге түсті. 2019 жылы АМӨЗ-де зауыттық инфрақұрылымды күрделі қайта жаңарту басталды және осы мақсатта 6 жаңа жоба әзірленді: Arman, Bailanys, 5S, "Жеті Қазына", Jańa Jol және Tazalyq. Олардың көпшілігі сәтті аяқталды. Сондай-ақ, БІЛІМ деп аталатын жаңа жоба енгізілді.
Jana Jol жобасы аясында жалпы ауданы 57 мың м2 бордюрлары бар асфальтбетонды жабыны бар зауытішілік автожолдардың құрылысы аяқталды. Jeti Qazyna жобасы "бір терезе" әдісімен арнайы киіммен және ЖҚҚ қамтамасыз ету процесін және құжаттарды сақтаудың қазіргі заманғы нормаларына сәйкес келетін қазіргі заманғы мұрағатты қамтиды. Бұл жобаның әзірге Қазақстанда аналогы жоқ.
Сондай – ақ, TAZALYQ жобасы аясында АМӨЗ тазарту құрылыстарын жаңғыртуды жүзеге асыруда.
Арман жобасы аясында мұнай өнімдерін құю және төгу эстакадасының әкімшілік –тұрмыстық кешендері, Тактілі құюдың автоматты қондырғысы, Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру, ЭЛОУ АВТоператорлар бөлмесі жөнделді. Жоба жалғасын тауып, ағымдағы жылы жалпы ауданы 117 492,4 м2 болатын зауыттың 180 ғимаратын қайта жаңарту жоспарлануда. ⠀ Bailanys жобасы аясында зауытта бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылды. Бір жыл ішінде белсенді желілік жабдық, ескірген аналогтық АТС IP-байланысын қолдаумен жаңасына ауыстырылды және зауыттың ғимараттарында жіксіз жабыны бар Wi-Fi модульдерін орналастыру жүргізілді.
⠀ Ағымдағы жылдың сәуір айында АМӨЗ-де операцияларды орындау, тәртіпті, тазалықты, ұқыптылықты және т. б. сақтау үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында 5S жүйесін енгізу басталды. Осы жоба аясында 50 тонна макулатура шығарылды, оның ішінде 5 тонна өртеу жолымен жоюға, 55 тонна қалалық қоқыс төгуге шығарылды.
⠀ "Білім" жобасы персоналды іріктеу, оқыту, даярлау және дамыту бойынша 13 бағытты қамтиды.
⠀ 2019 жылы-жастар жылы аясында тұрғын үйі жоқ, қызметін жақсы атқаратын, зауытқа қажетті жас мамандардың ішінен 20 жас қызметкер тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй қарыздарын алды. Сондай-ақ, Viktori Park жаңа тұрғын үй кешенінде 100 пәтерлі үй салынуда, ол осы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.
Назад к списку новостей