Атырау мұнай өңдеу зауытының жастар кеңесінде жаңа төраға

19.02.2020
1268 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытының жастар кеңесінде жаңа төраға

Ол Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің күкіртсіздендіру және олигомеризациялау қондырғысының аға операторы Бексұлтан Дүйсенғұл. Ашық дауыс беру арқылы таңдалған жастар көшбасшысы өз міндеттерін адал орындауға, жастар саясаты жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға ықпал етуге уәде берді.

Б. Дүйсенғұл өзінің еңбек жолын 2016 жылы АМӨЗ басқару пультінің операторы болып бастады. Ол-органикалық заттардың химиялық технологиясы магистрі. Жастар қоғамындағы ерен еңбегі үшін және жастардың дамуына қосқан үлесі үшін ол Атырау облысы әкімінің және «НұрОтан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасының алғыс хаттарымен марапатталған.

 Отырыста сондай - ақ ашық дауыс беру арқылы жаңа төрағаның орынбасарлары-СМС экс-төрағасы, Мұнай және мұнай өнімдері балансы бөлімінің жетекші маманы Азиза Галим және Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені басқару пультінің операторы Диас Нұржанов сайланды.

АМӨЗ жастар кеңесі 2014 жылы құрылды және бүгінгі күні құрамында шамамен 30 адам бар. Оның негізгі міндеттері жастар қозғалысын дамыту және АМӨЗ жас қызметкерлерін белсенді өндірістік және әлеуметтік-мәдени өмірге баулу болып табылады.



АМӨЗ қоғаммен байланыс қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу