"Ембімұнайгаз" АҚ делегациясы Атырау мұнай өңдеу зауытында

18.02.2020
1345 просмотров
"Ембімұнайгаз" АҚ делегациясы Атырау мұнай өңдеу зауытында

"Ембімұнайгаз" АҚ-ның Бас директоры Е.Қайыржан бастаған делегация АМӨЗ-ге табан тіреді.

Мұнай өндірушілерінің танысу сапары зауыттық оқу орталығын аралаудан басталды. Бұл жерде  кәсіби білім деңгейін бақылаудың енгізілген бағдарламасы туралы айтты, оның шеңберінде зауыттың өндірістік персоналы біліктілігін арттырады, аттестаттаудан өтеді, сондай-ақ тәлімгерлер дайындалады.

 Одан кейін пульт операторлары технологиялық қондырғыларды басқаруды, өндіріс үшін қауіпсіз режимде түрлі техникалық жағдайларды пысықтауды үйрететін компьютерлік тренажерлер–басқару тарату жүйесінің симуляторлары көрсетілді.

         Бұдан әрі делегация "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін арнайы киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету орталығын және заманауи өртке қарсы қорғанысы бар зауыттың жаңа орталықтандырылған мұрағатын қарап шықты.

         Кәсіпорын аумағын аралау барысында қара алтын өндірушілеріне зауытты жаңғырту туралы айтылып, құрылыс  кезінде зауыт жұмысының тоқтатылмағандығын атап өтті. Қонақтарға мұнайды тереңдетіп өңдеу өндірісі мен ароматикалық көмірсутектер өндіру кешені технологиялық қондырғылары көрсетілді. АМӨЗ-де іске асырылып жатырған жаңа жобалармен танысу аясында қонақтар қайта жаңғыртылған үш қабатты инженерлік корпусты қарады.

Кейін кездесу  бірыңғай оператор ғимаратының мәжіліс залында жалғасты. Жиын  барысында "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай зауыттың өндірістік қызметі және оның жетістіктері туралы айтты. Атап айтқанда, жүргізілген жаңғырту арқасында АМӨЗ мұнай өнімдерінің негізгі желісін өндіруді ұлғайтып, сапасын арттырды. Жақында зауыт Еуропаға өз өнімдерін - жоғары сапалы АИ-92 маркалы бензинді және DT Khazar -38C ішкі нарығында экспорттай бастады. Сонымен қатар, АМӨЗ қазіргі уақытта Ресей мен Қытайға экспортталатын мұнайхимиялық өнімдер - бензол және параксилол өндіретін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Зауыт басшысы мұнай өңдеу үшін кадрлар даярлауға және осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға ерекше назар аударды. Бұл тұрғыда АМӨЗ Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста. Сондай-ақ, С. Өтебаев университеттің Органикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасын жабдықтармен жабдықтау туралы зауыттың Атырау мұнай және газ университетімен келісімі бар.

                 Мұнай өңдірушілер сондай-ақ кәсіпорындағы (Jańa Jol, 5S, Jeti Qazyna, Arman, Bailanys, Tazalyq) инфрақұрылымдық және коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы білді. Нәтижесінде жаңа жолдар салынып, коммуникациялар қосылған, автобустар сатып алынған, бір сөзбен айтар болсақ, қызметкерлердің еңбегі мен демалысы үшін жақсы жағдайлар жасалған.

         Кездесу соңында Ш. Данбай екі мұнай кәсіпорнының тығыз ынтымақтастығына сенім білдіріп, Ембімұнайгаздың Бас директорына естелік сыйлық табыс етті. Есен Қайыржан зауыт басшылығына қызықты кездесу үшін алғысын білдіріп, әріптестік қарым-қатынастарды тек нығайта түсетініне сендірді.

 

АМӨЗ қоғаммен байланыс қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу