Зауыттағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу

04.02.2020
1177 просмотров
Зауыттағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу

2020 жылдың 29 қаңтар айында Атырау мұнай өңдеу зауытының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру өндірісінің Элоу АТ-2 қондырғысындағы шартты түрде өртті ауыздықтау бойынша оқу жаттығу өтті. Оның мақсаты – туындауы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу, өрттерді жою дағдыларын жетілдіру болды. 

Оқу-жаттығуға «Өрт сөндіруші» АҚФ №16 өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімі (4 бірлік техника), аталмыш қондырғының жұмысшылары, «KMG Security» ЖШС АФ,  «Медикер» ЖШС және «АМӨЗ» ЖШС қызметкерлері ат салысты.

         Оқиға желісі бойынша АТ2 қондырғысында орналасқан шлемдік құбырда ернемек қосындыларының ажырап кетуі салдарынан төтенше жағдай орын алды.

         Аға оператор жедел түрде авариялық-құтқару қызметіне, зауыт диспечеріне, Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру өндірісінің басшысы мен жақын орналасқан қондырғыларға хабар берді. Содан соң АТ-2 жұмысшыларына «Аварияны жою жоспары» бойынша тапсырмалар беріп, дереу қызметкерлерді эвакуациялауға кірісті. 6 минуттан соң оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келіп, көрші нысандарға зиянын тигізбей төтенше жағдайды тоқтатты. Жедел әрекеттің арқасында шартты өрт оқшауланып, кейін толықтай өшірілді.

         «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай өткізілген оқу-жаттығуға оң бағасын берді. Ол мұндай іс-шаралар оқыс жағдайлар пайда болған кезде іс-әрекеттерді дұрыс жасауға, олардың себептерін жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сол себептен де осындай дайындық жұмыстары АМӨЗ сияқты күрделі өндірістік объектілерде жүйелі түрде өткізіліп тұруы  тиіс, - деді ол.

         «АМӨЗ» ЖШС авариялық құтқару қызметтері мен жедел қызмет етушілер алға қойылған тапсырмаларды жүйелі түрде атқара алатындықтарын жалпылама дәлелдей білді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға ерекше мән береді. Мұндай іс-шаралар Атырау мұнай өңдеу зауытында ай сайын өткізіліп тұрады.

 

АМӨЗ қоғаммен байланыс қызметі

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу