Ғалымжан Амантурлин АМӨЗ кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды

24.12.2019
1232 просмотров
Ғалымжан Амантурлин АМӨЗ кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды

20 желтоқсанда Атырау мұнай өңдеу зауытында «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

     Оған "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай, Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі кеңесшісі Ғалымжан Амантурлин, Қоршаған орта мен еңбекті қорғау және азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы - кәсіподақ ұйымы бастығының міндетін атқарушысы Ерсайын Жарбосынов  және салалық «Профхимнефтехим» ҚБ төрағасы Керім Пірімқұлов, Атырау облысы бойынша кәсіподақ ұйымының аймақтық бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов және де зауыттың барлық құрылымдық бөлімшелерінен 120 делегат қатысты.

Күн тәртібінде жеті сұрақ қаралып, шешімін тапты. Соның ішінде кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде Ғалымжан Амантурлин сайланып, конференция делегаттары ашық дауыс беру арқылы бірауыздан қолдау білдірді.  Ғалымжан Амантурлин мұнай өңдеу саласына өмірінің 46 жылын арнаған. Ол зауыттағы еңбек жолын 1973 жылы бастап, екі рет кәсіпорынды басқарған.

     «Ғалымжан Жыршыбекұлының кандидатурасына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдау білдірді. Барлығыңыз бұл кісіні өте жақсы білесіздер. Ғалымжан Жыршыбекұлының белсенді араласуымен 2000 жылдардың басында зауытты жаңғыртудың бірінші кезеңі іске асырылып, былтырғы жылы үшінші кезең мәресіне жетті. Зауытқа өмірін арнаған, нағыз өз ісінің маманы біздің кәсіподақты басқаруы керек деп есептеймін», - деді өз сөзінде «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай.

         Өз кезегінде АМӨЗ кәсіподақ ұйымының төрағасы сенімі үшін делегаттарға алғысын білдіріп, ұйым ары қарай да қызметкерлердің құқығын қорғап, қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, зауыттықтарға жан-жақты қолдау көрсететін болады деп сендірді.

           2019 жылғы кәсіподақ ұйымының сәтті жұмысын айта отырып, АМӨЗ басшысы зауытпен дайындалған 2019-2021 жылдар аралығындағы ұжымдық шартты жасаудағы маңызды рөлін айқындады. Онда бұрыннан сақталған және де жаңадан қосылған көмектер мен түрлі әлеуметтік жобалардың іске асырылуы жөнінде айтылған.    

         Жиын соңында Керім Пірімқұлов «АМӨЗ»ЖШС Бас директоры Шухрат Данбайға «Ең үздік әлеуметтік серіктес» марапатын ұсынды. Сонымен қатар зауыттың Бастауыш партия ұйымының төрайымы Бақыт Өтебалы «Еңбек ардагері» мемлекеттік марапатына ие болды. Бұдан бөлек кәсіпорынның басқа да қызметкерлері энергетика министрлігінің құрмет грамотасын қанжығаларына байлады. Тағы бір айта кететін жәйт зауыт қызметкерлері Ирина Заболотникова мен Ержан Ұлан республика бойынша еңбек қауіпсіздігінен  «үздік техникалық инспектор» атанды.

АМӨЗ қоғаммен байланыс қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу