Мереке қарсаңындағы марапат

18.12.2019
1146 просмотров
Мереке қарсаңындағы марапат

Атырау мұнай өңдеу зауытында еліміз үшін ең елеулі мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай кәсіпорынның дамуына еңбегі сіңген зауыт қызметкерлерін құрмет грамоталарымен, естелік белгілермен және алғыс хаттармен марапаттады. 

Ұжымға келіп жеткен мерекемен Бас директордың бірінші орынбасары Е.Сүлейменов, және де «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Е.Жарбосынов құттықтау сөздерін арнады.  

         «Ағымдағы жыл Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін маңызды болды. Біз өндірістің бірқалыпты деңгейіне жетіп, К5 экологиялық классты Аи-92 жанармайын экспорттай бастадық. Khazar -38 қыстық дизель отынын өндіріп, бензол мен параксилол өндіру ісін сәтті жалғастырып келеміз. Келер жылға алдымызда өте жауапты қадамдарды талап ететін тапсырмалар тұр, және де біз ол сынақтардан тек ұжымның бірлігінің арқасында өте аламыз.», - деді Е. Сүлейменов.

         Құттықтау сөздерден соң зауыт қызметкерлеріне түрлі марапаттарды салтанатты түрде ұсыну рәсімі өтті.  Жоғары дәрежелі шеберлігі мен ерен еңбегі үшін, Е.Сүлейменов ҚР Энергетика министрлігінің құрмет грамотасын зауыт басқармасының өндірісті дамыту бөлімінің басшысы Н.Дүзбаевқа табыс етті. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісі «Орталық зауыт зертханасы» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасының басшысы С.Қарабасоваға бұйырды.

         Сонымен қатар аталмыш мерекеге орай Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру өндірісінің технологиялық қондырғы операторы А.Асановқа және зауыт басқармасының жетекші инженері Н.Суханберлинге KAZENERGY компаниясының  құрмет грамоталары табыс етілді.



«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу