«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ш.Данбай «Парасат» орденімен марапатталды

13.12.2019
1176 просмотров
«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ш.Данбай «Парасат» орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  Нұрсұлтан қаласында KAZENERGY қауымдастығының және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев Атырау мұнай өңдеу зауытының Бас директоры Шухрат Данбайға жоғары дәрежелі мемлекеттік «Парасат» орденін табыс етті. Түрлі мемлекеттік марапаттарды салтанатты табыстау рәсіміне кәсіпкерлер, спорт, мұнай-газ және энергетика саласының өкілдері қатысты. 

«Ағымдағы жыл тарихи маңызды кезең, яғни бұл жылы Қазақстан мұнайының 120 жылдығы аталып өтті. Бұл тек осы сала мамандарының ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел үшін маңызды күн болды, себебі, еліміздің экономикасына мұнай-газ секторының еңбегі орасан.», - деді Т.Құлыбаев деп жазды «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі.

Басқа да марапаттарға ие болғандардың қатарында: "KMG Rompetrol" өндіріс және өнеркәсіптік қызмет көрсету жөніндегі бас директоры  Садуохас Мералиев ("Құрмет" ордені), "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Винсент Спинелли (ІІ дәрежелі "Достық" ордені), "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ-ның Бас директоры Вячеслав Ли, мәнерлеп сырғанау бойынша ҚР штаттық құрама командасының нұсқаушы-спортшысы ("Ерен еңбегі үшін") Элизабет Тұрсынбаева және басқалары болды.

"Парасат" орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға және көбейтуге жеке үлкен үлес қосқан, не адам құқықтары мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызмет еткен азаматтар марапатталады.

 

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу