9 қарашада" Атырау МӨЗ " ЖШС еуропалық нарықтарға 1827 тонна көлемінде К5 экологиялық класты этилденбеген Аи-92 бензинінің бірінші партиясын жөнелтуді бастады. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі осы мұнай өнімінің экспортына қараша айында зауытқа 35 606 тонна көлемінде квота бөлді.Бұл ҚР үшін ағымдағы айдағы ең ірі партия.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2011 жылдан бастап ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған болатын.Осылайша, тыйым салынған уақыттан бастап Атырау МӨЗ ең танымал бензин маркасын шетелге жөнелтуді қайта бастады.
Бұл ретте өзінің жоғары сапасының арқасында АМӨЗ отыны Еуропа елдерінде сұранысқа ие.
Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерде К5 класты бензинді өткізу нарықтарының ашылуы АМӨЗ-де мұнай өнімдерінің сапасын жақсартудың және олардың өндірісін жалпы ұлғайтудың арқасында мүмкін болды. Бұған зауытты ауқымды жаңғырту кезеңінде салынған мұнайды терең өңдеу кешенінің жаңа технологиялық қондырғыларын іске қосу себеп болды. Салыстыру үшін: 2019 жылдың 10 айында АМӨЗ ішкі нарыққа шамамен 970 000 мың тонна жоғары октанды автобензин жөнелтті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 102% құрайды.
Назад к списку новостей