Кәсіподақ күніне орай АМӨЗ қызметкерлері марапатталды

11.10.2019
1115 просмотров
Кәсіподақ күніне орай АМӨЗ қызметкерлері марапатталды
Қазақстанда 10 қазанда аталып өтілетін Кәсіподақ күніне орай Атырау МӨЗ-де салтанатты жиналыс өтті, оған өндірістік қызметкерлер мен аутсорсинг компанияларының өкілдері қатысты.
Еңбек ұжымын салалық мерекемен "АМӨЗ" ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Қанат Қабденов құттықтады. Оның айтуынша, АМӨЗ-дің 1700  қызметкерлері кәсіподақ мүшелері болып табылады. Бұл ретте аутсорсингке кеткен цехтардың ұжымдары зауыт кәсіподақ ұйымының құрамында қалады.
Кәсіпорында қызметкерлердің мүдделерін білдіретін және құқығын қорғайтын негізгі құжат болып 2019-2021жж. зауыт әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасында жасалған Ұжымдық шарт табылады. Қанат Қабденов атап өткендей, кәсіподақ ұжымды мүлтіксіз сақтауды бақылап қана қоймай, ұжымда қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын, қолайлы әлеуметтік, моральдық-психологиялық климатты құруға және қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік және техникалық бағдарламалар кешенін жүзеге асырады.
Оның айтуы бойынша, зауыттың әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен шешімімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылып, келісім комиссиясының жаңа құрамы құрылды. Олардың құрамына тепе-тең негізде жұмыс беруші мен зауыт қызметкерлерінің өкілдері енгізілген.
АМӨЗ Кәсіподақ көшбасшысының айтуынша, зауыт әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы – бірлескен күш-жігерімен кәсіпорында өндірістік көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ете отырып, қолайлы еңбек атмосферасын жасайтын тең серіктестер.
Өз кезегінде персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Серік Арыстан әріптестерін мерекемен құттықтады:
"Зауыттық кәсіподақ ұйымы алдыңғы қатарлы және тұрақты болып табылады. Біздің кәсіподаққа жаңа табыстар тілейміз!".
Зауыт қызметкерлеріне лайықты еңбек еткен және АМӨЗ өміріне белсенді қатысқан қызметкерлерді кәсіподақ комитетінің төрағасы Қанат Қабденов Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу