АМӨЗ Денсаулық сақтау бөлімінің дәрігерлері зауыт қызметкерінің өмірін сақтап қалды

14.10.2019
1147 просмотров
Атырау МӨЗ жанындағы "Медикер" ЖШС Денсаулық сақтау пунктінің медициналық бригадасы жұмыс орнында жүрегі ауырып, өзін  нашар сезінген  зауыт қызметкеріне алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жеделдік пен жоғары кәсібилік көрсетті. Науқас жағдайы тұрақтанғаннан кейін облыстық ауруханаға жеткізілді.
"АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. Данбай адам өмірін құтқарғаны үшін денсаулық сақтау пунктінің медиктерінің тобына салтанатты түрде алғыс айтып, "олардың көрсеткен батырлығы мен қайсарлығы терең құрметке лайық"екенін атап өтті.  Кәсіпорын басшысы дәрігерлерге зор денсаулық, еңбекте табыс тіледі және оларға алғыс хаттар табыс етті. Оларға фельдшер Гүлфариза Аманшиева, аға медбике Нұрбике Сағындықова, Жаннат Бахитова, Өміргүл Сандибаева есімді медбикелер және көліук жүргізушісі Медет Таукенов ие болды.


«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу