Өрт сөндірушілердің жұмыстары өте жауапты, халыққа қажетті екендігін еске түсірсек, тек қиын жағдайда ғана көмекке келу емес, адамдармен тығыз байланыста болып, алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, келеңсіз оқиғалардың орын алмауын қадағалап отыру, уақытында оқиға орнына барып, өртті ауыздықтау сынды жұмыстарын алға тартатын Атырау облысының «Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалының басшылығы техникалардың жаңаланып, қызмет сапасын арттыруға аса мән беретіні белгілі.
Осыған орай № 16 өрт сөндіру бөлімі көліктерінің қатары жаңа автокөлікпен толықтырылды. Авариялық құтқару қызметіне арналған АЦ-5-40 өрт сөндіру «УРАЛ» автокөліктерінің жұмыс жасау барысымен танысып қайтқан болатынбыз.
Аталмыш автокөлік нағыз заманауи өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталған, су тасығыш цистернасы 5 тонналық. Көлікте құтқару қызметіне қажетті барлық құрылғылар бар. Қандай кедергілерден де өте алатын, жолсызбен де жүре алатын көліктер «төтеншеліктердің», «өрт сөндірушілердің» қызметтерінің сапасын арттырып, белгіленген жерге уақытылы жетіп, апатты жағдайды тез арада жоюға ықпал етпек.
Орын алуы мүмкін өрт кезінде және түрлі төтенше жағдайларда құтқару қызметінде пайдалануға бірден - бір ерекше автокөлік екендігін бөлім қызметкерлері растап отыр. №16 өрт сөндіру бөлімінде бүгінгі таңда осы автокөлікті қосқанда 14 цистерна көлігі бар. Бұл көліктер ай сайын техникалық тексерістен өтіп тұрады. Одан соң маусым сайын қадағаланады. Ал, ауысым бойынша кезекті қабылдаған жүргізуші міндетті түрде тексеріп, қызметке жарайтындығына көз жеткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін де жыл басында бөлім дәл осындай автокөлікке ие болған болатын. Қазіргі таңда №16 өрт сөндіру бөлімінде 19 техника. Ендігі кезекте Атырау облысының «Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалы 2020 жылы авариялық-құтқару қызметінің автокөлігін сатып алуға жұмыстануда.
«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбай Атырау облысының «Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалының директоры Юрий Толстов және №16-ӨСАҚБ бастығы Канат Крыкбаевпен бірге сатып алынған өрт сөндіру автокөлігінің жауынгерлік есеп отыратын кабинасына отырып, зауыттың аумағын айнала жүріп өтіп, техниканың сапалы жүрісіне, заманауи өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталуына жақсы баға берді.
Назад к списку новостей