22 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында Атырау МӨЗ оқу орталығының базасында зауыттың барлық цехтары мен өндірістерінің басшылары үшін "өндірістегі тәлімгерліктің тиімділігін арттыру" тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курсты оқу орталығы бизнес-тренер, халықаралық тренингтік-консалтинг академиясының директоры Бақыт Жұмақаевамен дайындалды.
Тренингтің басты мақсаты команданы мақсатқа жету үшін ынталандыру біліктерін дамыту арқылы тәлімгерлер жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.
Күн сайын тәлімгерлерді өз қызметкерлерімен дұрыс қарым-қатынас жасауға, міндеттерді тиімді қоюға, әртүрлі жағдайлар және рөлдік ойындар арқылы жанжалды және даулы жағдайларды шешуге үйретеді. "Адам өзінің тәжірибесі болмаса, тамаша тәлімгер бола алмайды. Сонымен қатар тәлімгерлердің өздері үшін - бұл өз білімдері мен коммуникативтік дағдыларын үнемі өзектендіруге мүмкіндік", - деп атап өтті Бақыт Жұмақаева.
Тренингке барлығы 180 қызметкер қатысты, олар аяқталғаннан кейін ресми сертификаттарға ие болды. Оқытушы курс тыңдаушыларының теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейіне оң баға берді.
Техникалық персонал үшін тәлімгерлік жүйесі "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары Данияр Тиесовтың бастамасы бойынша кәсіпорында қайта енгізілді. Оның аясында әрбір тәлімгер білім берудің баға жетпес тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар негізгі жалақыға қосымша ақы алады. Ал кәсіпорында ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді,себебі АМӨЗ кадрлары-ең басты ресурс және байлығы болып табылады.
«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі
Назад к списку новостей