2019 жылы Spiral өндірісінің желілік бағдарламалау жүйесі арқылы АМӨЗ шамамен 70 млн теңге үнемдеді

17.09.2019
1136 просмотров
2019 жылы Spiral өндірісінің желілік бағдарламалау жүйесі арқылы АМӨЗ шамамен 70 млн теңге үнемдеді

2018 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ сандық трансформация бағдарламасы аясында Атырау МӨЗ-де Spiral бағдарламалық қамтамасыз ету базасында өндірісті оңтайландыру жүйесі енгізілді. Соның арқасында АМӨЗ операциялық шығындарды 67 млн теңгеге қысқартты. Мұндай нәтижелерге қоспаларды, катализаторлар мен реагенттерді тұтынуды оңтайландырудың арқасында қол жеткізілді. Бұдан басқа, жаңа жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуі кезеңінде отын жағып, зауыттағы шығындар 1,5% - ға қысқарды.

Spiral-ды енгізгенге дейін зауыттағы өндірістік жоспарлар Excel-де барлық нарықтық және технологиялық факторларды ескермей есептелген яғн икемді болған жоқ. Бұл жүйе жоспарлаудың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді: Spiral Plan мұнай өнімдерінің тиеу, шығу көлемдерін, присадкаларды, катализаторлар мен реагенттерді тұтынуды әрбір нақты уақыт сәтінде ескереді. Ол үнемі жаңартылып отыратын деректердің үлкен көлемін талдайды және жоспардың оңтайлы нұсқасын есептейді. Осының арқасында процестер үшін қажетті материалдарды артық шығынданудан құтылуға болады. Бұл ретте жүйе "Қазмұнайгаздың" мамандары үшін жоспарларға қол жеткізуге, ҚМГ мен зауытқа нарық жағдайына барынша нақты ден қоюға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, АМӨЗ-де процестерді автоматтандыру және Цифрландыру бағдарламасы аясында MES өндірістік процестерді басқару жүйесі, IBM MAXIMO техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді басқару жүйесі, инспекцияларды басқару және Meridium APM сенімділігін қамтамасыз ету жүйесі енгізілген. Сондай-ақ, АМӨЗ-де Bailanys телекоммуникациялық желілерін жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде зауытта деректерді және дауыстық трафикті беруді оңтайландыруға, ресурстарды бөлуге және кәсіпорынның түрлі ресурстарына бірлескен қолжетімділікті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылатын болады.


«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі


Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу