Қор басшысы «Kazakhstan Petrochemical Industries» интеграцияланған газ-химия кешені аясында полипропилен өндіретін зауыт құрылысы жөніндегі жобаның барысымен танысты. Ахметжан Есімов кешеннің құрылыс алаңдарын аралап, қазақстандық өндірушілерді жобаны іске асыруға барынша тартудың және кешенді мерзімінде іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Нысанның құрылысы 2021 жылдың ортасында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба жылына 500 мың полипропилен өндіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қор төрағасы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнайды терең өңдеу кешенінің өндірісімен танысты. Сапар барысында басқарма төрағасы өндірістік персоналдың техникалық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар қабылдаумен қатар жабдықтарды пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Сапар барысында делегация хош иісті көмірсутектер өндірісі мен мұнайды терең өңдеу кешендерінің жаңа қондырғыларын көрді. Бұдан басқа, кәсіпорын басшысы персоналды дамыту бойынша әлеуметтік бағдарламалар туралы қысқаша айтып берді. Атап айтқанда, кәсіпорында дуальді оқыту, «Жас маман», Lean 6 Sigma және басқа да бағдарламалар, зауытшыларға арналған тұрғын үй құрылысы туралы баяндады.
А. Есімовтің айтуынша, 2018 жылы аяқталған АМӨЗ-ның жаңғырту нәтижесі сөзсіз бар. Мұнай өңдеу тереңдігі 2018 жылдан бері 68% - дан 2019 жылы 85,5 % - ға дейін артты. Сонымен қатар, ол тұрақтамауды азайтып және ынталандыруды ұмытпай, білікті қызметкерлерді даярлау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Осы күні Қор басшысы "Kazakhstan Petrochemical Industries" интеграцияланған газ-химия кешенін, сондай-ақ "АтырауНефтеМаш"ЖШС мұнай және газ-химия салаларына арналған жабдықтар өндіру зауытын аралады.
Назад к списку новостей