АМӨЗ бас директоры Ш. А.Данбай алтынды қалай жеңу керектігін өз үлгісімен көрсетті

01.07.2019
1131 просмотров
АМӨЗ бас директоры Ш. А.Данбай алтынды қалай жеңу  керектігін өз үлгісімен  көрсетті

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ "Қайта өңдеу және маркетинг "дивизионының командалары арасындағы спартакиада да Атырау МӨЗ құрама командасының орасан зор жеңісі бас директор Ш. А. Данбай әкелген алғашқы алтыннан басталды.

Ол жеңіске бірінші қол жеткізіп, өз қарсыластарын үстел теннисінде ҚМГ дивизионының еншілес және тәуелді компанияларының басшылары арасында женді.

Осылайша, бас директор үлгі ретінде өз командасына бәрі де мүмкін екендігін көрсетті.

Бүгін Атырау мұнайөңдеу зауытында төрт жылдан кейін дивизион чемпионы атағын және ауыспалы кубокты жеңіп алған құрама мүшелерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар дипломдармен және медальдермен марапатталды, сонымен зауыт басшылығы атынан 54 спортшыға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Естеріңізге сала с кетейік, спартакиадаға 8 команда қатысқан болатын: "АМӨЗ" ЖШС, "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС, KMG International, "KPI" ЖШС, "ПМХЗ" ЖШС, "ПКОП" ЖШС, "СП Каспии битум" ЖШС және ТШО. Жарыс келесі спорт түрлерінен өтті: баскетбол, мини-футбол, волейбол, шахмат, армрестлинг, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және киберспорт.


«АМӨЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу