АМӨЗ командасы үздік атанды

25.06.2019
1236 просмотров
АМӨЗ командасы үздік атанды

21-22 маусым аралығында Ақтау қаласында "ҚазМұнайГаз" ҰК "АҚ "Қайта өңдеу және маркетинг"дивизионы Спартакиадасының іріктеу кезеңі өтті. Спартакиада да "АМӨЗ" ЖШС, "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС, "ҚазМұнайГаз интернешнл" компаниясы, "KPI" ЖШС, "ПМХЗ" ЖШС, "ПКП" ЖШС, "ТШО" ЖШС және"Каспий Битум" БК ЖШС» секілді 8 мұнай-газ өндіруші компаниялардың ең батыл әрі жылдам әрі ақылды жұмыскерлері жарысты.

Спартакиада спорттың 10 түрінен өтті. Биылғы жылы дәстүрлі ойындар қатарына киберспорт ойыны қосылды. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты барлық спорт түрлеріне қатысып, белсенділік танытты. "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай зауыт спортшыларына сәттілік пен жеңіс тілеп қана қоймай, спартакиада шеңберінен тыс өткізілген дивизион кәсіпорындары басшыларының қатысуымен үстел теннисінен турнирді ұтып, жеңіске жетті.

Жарыстың бірінші күні баскетболшылар, футболшылар, әйелдер және ерлер волейбол командалары, шахматшылар, сондай-ақ тоғызқұмалақтан және киберпортмендер жарысты.Алғашқы алтынды тоғызқұмалақ ойнынан АМӨЗ құрамасының қоржынына Анар Құмарова алып келді. Сондай-ақ, Атыраулық мұнай өңдеушілер волейбол, шахмат (әйелдер) және ерлер тоғызқұмалақ ойындары бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Сондай-ақ, Атыраулық мұнай өңдеушілер волейбол, шахмат (әйелдер) және тоғызқұмалақ (ер адамдар арасындағы) бойынша жүлделі орындарға ие болды. "АМӨЗ" ЖШС командасы барлық спорт түрлерінде жалпыкомандалық есепте 305 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетті (2-ші орын алған ПМХЗ 285 ұпай жинады). Осылайша, 4 жылдан кейін АМӨЗ командасы чемпион атағын және спартакиаданың ауыспалы кубогын өзіне қайтарып алды. Спартакиаданың салтанатты жабылуында жеңімпаз команданы АМӨЗ бас директорының корпоративтік функциялар жөніндегі орынбасары Луиза Ақанова құттықтады. Ол бұл жеңіс ең алдымен, қажырлы еңбек, ерік күші, команданың барлық мүшелерінің бірлігінің және жеңіске ұмтылуы арқасында екенін ерекше атап өтті.

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі»

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу