10 маусымда Өндірістік және өнеркәсіптік қызметтер бойынша бас директор Садуохас Мералиев басқарған Атырау мұнай өңдеу зауытына «KMG INTERNATIONAL NV» 20 румындық және қазақстандық мамандары келді. (атап айтқанда, Petromidia мұнай өңдеу зауытынан).
Қонақтарды «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ш.А.Данбай зауыт басшылығымен бірге қарсы алды.
Сапар барысында делегация зауыт аумағын аралады және Жаңғырудың 3 кезеңі, қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шаралар, TAZALYQ жобасының жаңғыруы, сонымен қатар кәсіпорында кадрларды дамытудың әлеуметтік бағдарламалары туралы түсіндірілді.
Ш.А.Данбай мұнай өңдеу зауыттары арасындағы ынтымақтастық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілетінін атап өтті.
Зауыттың жаңа құрылғыларымен таныс болған Румыниялық делегаттар мәжіліс залында бас қосты. Жиын барысында Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңғырту жобасының үш кезеңі таныстырылды: 2003-2006 жж, 2010-2015 жж, (хош иісті көмірсутектерді өндіру бойынша кешен құрылысы) , және 2012-2017 жж (Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы ).
Атырау мұнай өңдеу зауытының мамандары жаңғыртудан кейінгі зауыттың жаңа техникалық мүмкіндіктері туралы айтып берді , атап айтқанда мұнайды қайта өңдеу көлемінің жылына 5,5 млн. тоннаға дейін ұлғаюы, тазарту тереңдігі 84% дейін жетіп, жеңіл мұнай өнімдерін өндіру және т.б.
Сонымен қатар қонақтарға автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде өндіріске енгізілген бағдарламалар туралы айтылды - бұл MES және SpiralPlan өндірістік процестерін басқару жүйесі, IBM MAXIMO техникалық қызмет көрсету және жөндеу менеджмент жүйесі, Meridium APM инспекциясы мен сенімділігін басқару жүйесі.
Сондай-ақ зауыт басшылығы кәсіпорында 5S жұмыс кеңістігі үшін оңтайлы жоспарлау жүйесін енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Содан кейін делегаттар екі топқа бөлініп, екі күн бойы жұмыстарын жалғастырды.
Технологтар және өндіріс қызметкерлері, механиктер, энергетиктер және КИП-тіктер мұнай өңдеудің өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылады, тәжірибе алмасып, тиімді ұсыныстарды әзірледі.
Назад к списку новостей