Ерлер арасындағы XI Халықаралық бокс турнирі басталды.

05.06.2019
1184 просмотров
Ерлер арасындағы XI Халықаралық бокс турнирі басталды.

«Атырау МӨЗ» ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай 2019 жылдың 4-8 маусым аралығында Атырау қаласында өтетін ерлер арасындағы XI Халықаралық бокс турнирінің салтанатты түрде ашылуына қатысты.

Салтанатты рәсімге Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Ринат Ибрагимов қатысты. Еске сала кетейік, 2019 жылғы 11 сәуірде Шухрат Данбай Атырау облыстық әуесқой бокс федерациясының президенті болып сайланған болатын.

Өз сөзінде Шухрат Данбай Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ерліктері барлық спортшыларға тән, жеңіске деген күш пен ерік-жігерді білдіреді. Осы батырларды еске алатын жыл сайынғы турнир - соның айқын дәлелі.

Биылғы жылғы турнир Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінен 100 боксшының басын қосқан. Турнир қонақтарының арасында жас спортшылар мен бокстан жергілікті ардагерлерді кездестіруге де болады. Шухрат Данбай, мұндай жарыстар ұрпақтың сабақтастығын арттырады және жастардың жоғары азаматтық жауапкершілігінің символы болып табылады. Сондай-ақ, бұл турнир тарихи оқиға – себебі, азаматтардың әрқайсысының өз Отанының болашағына деген жауапкершілігін талап ететін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы қарсаңында өтіп жатқандығын атап өтті.

Шухрат Данбай сөзін аяқтай келе, спортшыларға турнирдің жақсы өтуін, және де жеңістер мен сәттіліктер тіледі.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу