2018 жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты (ары қарай АМӨЗ) өндірісте рекордтық көрсеткішке ие болды.
2018 жылы өңделген мұнай жоспардың 5% асып түсіп, 5 млн 268 мың тонна мұнай өндіріліп, 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 544 мың тоннаға артық өндірілді. Бұл АМӨЗ тарихындағы мұнай өңдеудің рекордтық көрсеткішіне айналып отыр.
Сонымен қатар Жоғары октанды бензиндердің өндірісі де рекордтық көрсеткішке айналып отыр - 1 млн 180 мың тонна, бұл 2017 жылға қарағанда 89% артық.
Дизель отынын өндіру 1 млн 459 мың тоннаны құрады (2017 жылға қарағанда 7,5% артық).Өндірілген дизель отыны мен жанармайдың барлық көлемі K4 және K5 экология кластарына және де кеден одағының Техникалық регламентіне сәйкес келеді.
Жоғары сапалы өнімдердің жаңа түрлері шығарылды: олар реактивті отын, K5 экологиялық класты ПТФ-25 және ПТФ-32 «Khazar» отыны бар қысқы дизель отыны.
Өнеркәсіптік өндіріс пен жоғарғы тазалықтағы, құнды мұнайхимиялық шикізат параксилол өнімі жөнелтілді. Ол машина жасау, химия және медицина өнеркәсібінде, аспап жасауда, тұрмыстық техника өндірісінде қолданылады.
«2019 жылы біз TAZALIQ жобасын іске қосамыз, яғни жаңа тазарту құрылыстарын саламыз. Біз әлемдік мұнай өңдеу зауыттарының тәжірибесін зерделеп, жаңа заманауи кешенді жобалауға кірістік. Әрекет ету уақыты келді », - деді Атырау мұнай өңдеу зауытының Бас директоры Шухрат Данбай еңбек ұжымына есеп беру кездесуінде.
Тазарту нысандарын модернизациялау төрт кезеңде жүргізіледі: механикалық тазалаудың бірінші желісінің құрылысы, биологиялық ағынды суларды тазартуды қайта құру, соңғы тазалау қондырғысының құрылысы және механикалық тазалаудың екінші желісінің құрылысы.
TAZALIQ жобасын іске асыру көп кезеңді тазалау жүйесін пайдалану арқылы Жайық өзенінен су алуды азайтады, сондай-ақ ағынды сулардан ластаушы заттардың 99,9% жояды.
Ең бастысы, кәсіпорынның қоршаған ортаға теріс әсерін айтарлықтай азайтады.
Тазарту нысандарын жаңғырту 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.
«АМӨЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс өлімі
Назад к списку новостей