Қадірменді әйелдер қауымы!

07.03.2019
1164 просмотров
                                          Қадірменді әйелдер қауымы!

                Сіздерді халықаралық нәзік жандылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

8 наурыз – ең тамаша мерекелердің бірі. Бұл мереке көктемнің келгенін ғана емес, сонымен қатар сұлулық пен махаббаттың, жылы сезімдерді білдірудің нышаны болып саналады.

         Заманауи қоғамда нәзік жанды аруларымыз барлық салада кездеседі, соның бір дәлелі – сұлу да көркем болып жүрген өздеріңізсіздер. Өндірісшілер мен құрылысшылар, экономисттер мен инженерлер, әлеуметтік саланың қызметкерлері, сіздер нәзік бірақ мықты болып, барлығын иықтарыңызда алып жүрсіздер!

                Біз үнемі әйел-анаға, отбасының ұйытқысы ретінде шексіз құрмет көрсетеміз. Ана мен отбасы махаббат пен мейірімділік, шыдамдылық пен жанашырлық сынды қазіргі біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жалпы адамзаттық рухани құндылықтарымен тығыз байланысты.
         Құрметті арулар! Осындай жарқын мерекеде өзімнің әрі зауытымыздың мықты ер азаматтарының атынан сіздерге алғысымды білдіремін. Біз сіздерді қадірлейміз және құрметтейміз, ақын Жүрсін Ерман жырлағандай «Адамның күні әйелмен, Әйелдер мәңгі жасасын!!!» демекші сіздерсіз өмірді елестете алмаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық әл-ауқат, махаббат пен ұзақ ғұмыр тілеймін!

        

«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры                                        Шухрат Данбай

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу