Болашаққа – үміт, жастарға – сенім

07.03.2019
1356 просмотров
Болашаққа – үміт, жастарға – сенім

Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні зауыттың кіші мәжіліс залында «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелерімен жылы жүздесу ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты зауыт жастарын мазалайтын сұрақтарға жауап беріп, жастар жылында бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру.

Ең алдымен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай сөз алып, жастарға деген қандай көмек көрсетіліп жатырғандығын сұрады. Жастар ісі жөніндегі кеңестің атқаратын қызметі жөнінде қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы Асел Жайлашева түсіндіріп өтті. Кейін Бас директор жастардың бір жақты жұмысын айтып, зауытқа қандай қызмет жасалынып жатырғандығын сұрады. Жастар жағынан жауапты қадамдар бар ма деген сауал қойды. Сонымен қатар жастарға сөз кезегін ұсынды.

Жастар ісі жөніндегі кеңестің белсенділері бірінен соң бірі сұрақтарын қойып, қазіргі таңдағы шешілуі тиіс мәселелерді қозғап, талқылады. Оның ішінде спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасалуын қамтамасыз ету, жастар ісі жөніндегі кеңестің өз бюджеті болуы, Lean 6 Sigma бағдарламасы сынды сұрақтар қозғалды.

Бас директор аталмыш мәселелердің шешімін табуға жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар жаңа лауазымдағы мамандармен таныстырып, алдағы жоспарларымен, жобаларымен таныстырып, алға қойған тапсырмалармен таныс қылды. Осы тұста «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры өз тәжірибесімен бөлісті. Бұрын соңды дәл осындай жағдайлардың шешімін табу жолында кездескен оқиғаларын айтып өтті. «Жастарға жағдайлар жасалуы тиіс. Бірақ, жастардың тарапынан да жауапты қадамдар күтеміз. Зауыттың басына іс түскенде қолдап, қолынан келгенше көмегін көрсетіп, жақсы маман екендігін дәлелдеген қызметкер ғана биіктерден көріне алады. Дәл осындай маман ғана құнды», - деді Шухрат Данбай.

Кездесу аяқтала келе бірқатар сұрақтардың жауабы беріліп, мәселелер шешімін тапты. Сонымен қатар, жастарға өмірде бар қиыншылықтарын ашық айтуын, сол шаруаның оң шешімін табуға өздерінің де жұмыстанып, алға қойған мақсаттарына жетуге тырысу керектігі айтылды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу