Қарттарға құрмет көрсетілді

27.10.2017
1106 просмотров
Қарттарға құрмет көрсетілді

Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын қарттар қашанда құрметке лайық. Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы.  Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ  асу – бабадан балаға сіңген қасиет. Осы орайда жылына бір рет келетін Қарттар күні Қазақстанда кең көлемде атап өтіледі. 

Қазанның 1-31-і аралығында бүкіләлемдік қауымдастықта «Қарттар күні» болып белгіленген. Атаулы күн аясында «Атырау МӨЗ» ЖШС-нің зейнеткерлер қоғамы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі ардагерлерге құрмет, қайырымдылық шарасы. Бұл шара дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Міне, енді айтулы күні саналы ғұмырын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Жиналған қарттарымызды ардагерлер кеңесінің төрайымы Людмила Скоробогатова  мерекемен құттықтады.
«Сіздер құрметті демалыста болсаңыздар да, біздің қоғамның көшбасшысы болып қала бересіздер. Сіздер жастарға патриоттық тәрбие беруде, қаламызды дамытуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сіздердің өмірге деген белсенді ұстанымдарыңыз – өскелең ұрпақ үшін таптырмас үлгі», — деді Людмила Владимирқызы.
– Бұл деген үлкен, ірі жол. Бұрыннан ата-салтымызда келе жатқан жол үлкендерді сыйлау. Рахмет, осындай үлкен қарттарды сыйлап бізді құрметтеп, жақсылық жасап жатқандарыңызға. Жалғаса берсін әрі қарай. Табысты бола берейік бәріміз. Мемлекетіміз өркендей берсін, - деп тілек білдірісті шараға қатысқан ардагерлер.
Қарт кісіні – құт-береке деп таныса, ол ұрпақ көрегендігі. Осы орайда, біздің асыл қазынамыз – қариялар, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта әр ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқаны үшін алғыстарын білдірді. Кездесу соңында қариялардың құрметіне мерекелік дастархан жайылды. Қарттар емен-жарқын әңгіме құрып, көңілдері бір марқайып қалды.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу