(2016 жылдың 20 шілде мен 26 шілде аралығы)
Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 116 600 м3. құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 50 238 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың 19 484 м3, яғни, 28,0 % тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 446 зерттеу, айналма сулардың сапасына 102, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 290 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3894 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 39 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.
Назад к списку новостей