Бәрімізді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Бүгінде әлем назары Астанадағы өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде. Бұл Қазақстанның жаһандық кеңістіктегі жаңа белестерін паш ететін зор мүмкіндігі.
Ел ордасы мәртебесін алғалы Астана аз ғана уақыт ішінде Орталық Азияда экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктері бар алып шаһарға айналды. Мұнда ТМД елдерінің ғана емес, Еуропа мен бүкіл ислам дүниесінің қауіпсіздігі мен ынтымақтастық мәселелері шешіледі.
Астана экономикалық жаңғыртуларға, инновациялық технологиялардың енгізілуі мен қарыштап дамуымызға рух береді, ғылыми сананың, әлемдік деңгейдегі заманауи медицина мен білім берудің, мәдениеттің ордасы. Астана - болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін! Астана күні құтты болсын!
«Атырау МӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Амантурлин
Назад к списку новостей