«Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бар

08.06.2017
1209 просмотров
«Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бар

Мемлекеттің қолжетімді баспана саясаты бойынша «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуына зауыттықтардың мүмкіндігі бар ма? Осы мәселе төңірегінде жуырда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау филиалының бөлім бастығы Нұрболат Мұханбетяр, банктің бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Сандуғаш Әбдірахманова және банктің аға кеңесшісі Райса Темірхановалар зауыт қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді. 

Жаңа қабылданған "Нұрлы жер" бағдарламасы қазақстандықтар үшін тиімді болмақ. Бағдарлама бағыттарының бірі инженерлік коммуникацияларды жүргізе отырып, мемлекеттің жер учаскелерін беруі арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту деп белгіленген. Бұл мақсаттарға жыл сайын арнайы қаржы бөлу жоспарлануда. Бұл ретте тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрі 120 мың теңгеден аспайтын болады (инженерлік желілердің құнын қоспағанда). Тағы бір жаңалық жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін жеке тұрғын үйді бірегей құрылыс салушы арқылы біртектес архитектуралық типте салуды көздейтін тәсіл енгізіліп жатыр.    Осы жобаға қатысушы кезекте тұрғандар өздері жер учаскесімен бірге, жүргізілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар дайын үйді сатып алуға немесе оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алуға құқылы. Ол үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз қаражаты және қарыз қаражаты есебінен арнайы несие беруге дайын екендігі белгілі болды. Аталған бағдарлама бойынша Атырауда дайын үйдің әр шаршы метрі 120 мың теңгені құрамақ. Оның ішіне инженерлік коммуникацияны ішке жүргізу құны кірмейді. Типті үйді сатып алуға банктің салымшылары өтініш беруіне мүмкіндік бар. Дайын үйдің бағасының  30 пайызы алғашқы жарна ретінде төленеді. Қалғанын банктен төменгі пайыздық ставкамен несие рәсімдеуге болады.

      «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау филиалының бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Сандуғаш Әбдірахманованың айтуынша, бүгінде банк салымшылары Атыраудағы «Береке» ықшамауданындағы 9 көпқабатты үйге, «Нұрсая» ықшамауданындағы 2 көпқабатты үйге салымшылар өтініштерін тапсырып жатыр. Мұндағы пәтерлердің әр шаршы метрі 140 мың теңге мөлшерінде. Сондай-ақ, халықаралық әуежай жолында салынып жатқан «Берекет» тұрғын үй кешеніне де өтінініштер қабылдануда. Оның бағасы шаршы метріне 190 мың теңге көлемінде. Себебі, үкіметтік жол айырығында орналасқан кешеннің сырт келбетіне және қасбетіне қымбат құрылыс материалдары қолданылады екен. Тұрғын пәтерлер ішкі әрлеусіз беріледі. Оны алушы өз ыңғайына қарай реттеп алады.

     Жалпы «Нұрсая» ықшамауданында алдағы жылдары 2 000 шаршы метр тұрғын пәтер берілмек. Банк өкілдері салымшыларға берілетін несиеге пайыздық ставкалар және салым мөлшері, өтініш беру реті туралы зауыттықтар сұрақтарына жауап берді. 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу