Менің бақытты балалық шағым...

05.06.2017
1131 просмотров

Осындай атаумен 18 мамыр мен 30 мамыр аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген балалар арасындағы сурет байқауы қорытындыланды. Сурет байқауына Атырау мұнай өңдеу зауытының және аутсорсингтік компанияларда істейтін қызметкерлердің балалары қатысты. Жалпы байқау жарияланған күннен бастап 54 балғынның туындысы қабылданған. Суреттерді арнайы құрылған қазылар алқасы сараптады. Жуырда байқау қорытындыланып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. 


Cурет байқауына 5 жастан 13 жасқа дейінгі балалар өз туындыларын тапсырған. Олар төмендегідей санаттар бойынша сараланды:

·        5-7 жас аралығы- 21 бала;

·        8-10 жас аралығы- 19 бала;

·                11-13 жас аралығы- 14 бала.                           

                   

       Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында Атырау мұнай өңдеу зауыты кәсіподақ комитетінің төрағасы, байқаудың қазылар алқасының төрағасы Қанат Қабденов талантты да талапты балаларға белсенділігі үшін ризашылығын жеткізді.

-         Біздің зауыт қызметкерлерінің балалары барлық игілікті көруі шарт. Сол үшін еңбектеніп жатырмыз. Бұл зауытттың ұстанатын әлеуметтік саясатының бір бағыты. Қызметкерлердің балалары кезек күтпей балабақшаға орналасуы үшін жағдай жасалған. Сондай-ақ, оқушылар үшін жазғы каникулда Қазақстанның және Ресейдің алдыңығы қатарлы демалыс лагерьлеріне жеңілдікпен жолдама беріледі. Жылдағы мерекелер сайын балалар арасында осындай қызықты сайыстар өткізіліп тұрады. Байқаулар арқылы баланың таланты ашылады, талабы байқалады. Зауыт басшылығы балаларға қамқорлығын алда да жалғастыратын болады,-деп атап өтті Қанат Қабденов.

Қазылар алқасы балалардан келіп түскен суреттерді жоғарыдағыдай жас санатына қарай саралап, І, ІІ және ІІІ орын жеңімпаздарын анықтаған. Сондай-ақ,  «Шынайлығы үшін», «Үздік сурет», «Образды ашқаны үшін» және «Ең кішкентай суретші» аталымдары бойынша таланттар талқыланды. Жеңмпаздарға арнайы сыйлықтар мен гармоталар табысталды.  

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу