Қоршаған ортаны қорғау қызметінің бастауындағы Сәния

30.05.2017
1237 просмотров

Ол Атырау мұнай өңдеу зауытында табиғи ортаны қорғау қызметінің құрылуы мен бастауында болды. Сәния Ғарифқызы 1986 жылы Қазан химия-технология институтын мұнай және газды өңдеу технологиясы мамандығын алып шыққан бойда жергілікті мұнай өңдеу заутына жолдамамен бөлінген еді. Өзінің де туған жері Жылыой өңірі. Сондықтан да ол жатсынған жоқ. Алдымен жобалық-құрастыру бөлімінде қызмет етті. Зауытішілік өндірістік технологияларды меңгерді, өнімдердің сапасын саралады. 3 жылдан соң Сәния Шафигуллинаны жаңадан құрылып жатқан табиғи ортаны қоғау бөліміне ауыстырған. 

 

     

 Табиғат қорғау инженері деген лауазым енгізілген. Ол кезеңде жалпы Кеңестік республикаларда қоғамдық талқылаулардан кейін кәсіпорындардың қоршаған ортаға, табиғатқа зияны кең көлемде қозғалып жатқан болатын. Әрине, өндіріс болған соң лас қалдықтардың шығары заңдылық. Оны қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей шектеу, айналаға кері ықпалын азайту, экологиялық ахуалды бақылауда ұстау осы жаңа бөлімге артылды.

-         Бөлім басшысы Геннадий Яшков болатын. Бөлім жұмысын неден бастауды, қайлай бастауды білмей абдырап қалған кездер болды. Себебі, басшылыққа алатын не методикалық құрал, не болмаса бағыт-бағдар алатын мамандар жоқ. Зауыт аумағында ол кезде лас қалдықтар жиналатын. Жүктелген міндет зауыттың зиянын азайту болған соң, осы зауыт маңын тазартудан бастадық. Бөлім бастығы мені Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург), Куйбышев қалаларына жиі оқуға жіберді. Онда экологтар, метрологтар жиналатын. Тәжірибе алмасу арқылы көп нәрсеге қанықтым. Зауыттан шығарылатын қалдықтарға сараптамалық бақылау кестесін жасадық. Белгілі бір лимит қойылып, ластауды сол мөлшерден асырмауды бақылауға алдық. Сол кездегі жергілікті қоршаған ортаны қорғау басқармасымен зауыттың лас қалдықтарды шығару мөлшерін есептедік. Ластауды шектеудің жобасын бекіттік. Осылайша жұмысымыз жүре бастады. Бөлімге инспектор алынды. Ол ластау мөлшерінің көлемі асып кетпеуін қатаң бақылайтын. Барлық бөлімдермен тығыз қатынаста жұмыс жүргіздік. Осының арқасында екі-үш жылда зауыттың лас қалдықтарды шығару мөлшері екі есеге дейін азайды. Технологиялар ескі болғандықтан лас қалдықтарды шектеу қиын болатын. Қазіргі кезеңде жаңа жаңғыртулар қоршаған ортаны ластауға арналған. Бүгінде жергілікті экология департаменті мен табиғат пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармалары жиі тесерулер жасап тұрады. Қалада жағымсыз иіс байқалса болды, зауытты тексереді. Дегенмен, біздің кәсіпорын лимит мөлшерінен асырып, табиғатты ластаған емес.

    Сәния Ғарифқызы 2006 жылғы зауыттағы алғашқы жаңғыртудан бастап, зауыттың қоршаған ортаға кері ықпалы мейілінше азайғанын айтады. Одан кейінгі ароматикалық көмірсутектер өндірісі, мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені де алдымен экологиялық тұрғыдан тыңғылықты сараптаудан өткен. Жайықтан алынатын судың да көлемі айтарлықтай азайды. Мәселен, жаңғыртуларға дейін зауыт жылына 23 млн. текше метр өзен суын пайдаланған болса, 2006 жылдан бері жылына 5,2 млн. текше метрден асқан емес. Осындай табиғатқа зауыттың кері ықпалын азайту жолында қоршаған ортаны қорғау инженері Сәния Шафигуллинаның еңбегі ұшан теңіз. Айтқандай, майталман жыл аяғында құрметті зейнеткерлік демалысына шығады. Кейін өзінің жолы мен қызметін жалғастырар шәкірт дайындап жатыр.        

    

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу