Зауыттықтар «Таза бейсенбі» күнін өткізді

20.04.2017
1318 просмотров

 Бейсенбіде зауыттың өндірістік бөлімшелерімен қатар аутсорсингтік компания қызметкерлері «Таза бейсенбі» күнін өткізді. Шараға 200-дей адам қатысып, белгіленген аумақты абаттандыру мен тазалауға атсалысты. 

Бейсенбілік іс-шараның мақсаты – қаланың заутықа тиесілі аумағын тәртіпке келтіріп, жаз мезгіліне дайындау, сонымен қатар тұрғындарды қаламыздың одан әрі көркейтуге өз үлестерін қосуға шақыру.
Бұл күні аумақтарды жаппай тазалау, іргелес жатқан аумақты санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды атқару, қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Тұрғындар қалашығы аумағында су айдау қондырғысынан Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайына дейін, Әуезов пен Одесса көшелерінің бойы, Оңдасынов көшесі, Шамин көшесі, Мұханов көшесі мен Шарипов көшелері, «Сауран» сауда орталығы маңында қоқыстар тазаланып, тал-теректердің түбі қопсытылды. Сонымен қатар, тал өсіп тұрған арықтар тазартылып, көшет егуге арнайы орындар дайындалды. Тазалық шарасы барысында аумақтан бірнеше тонна қоқыс шығарылып, барлық тал-теректер тыңайтылып күтімге алынды. Бұл күні зауыттың санитарлық-экологиялық аумағында Перетаска ауылы жағынан З.Қабдолов көшесінен ЖЭО АҚ каналына дейінгі жасыл желек күтімге алынып, айналасындағы қоқыстар тазаланды. Зауыттықтар көктем күндері «Таза бейсенбі» шарасына тұрақты қатысатын болады.

 

 

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу