Қабылдауға келгендердің шағымы аяқсыз қалмайды

12.04.2017
1234 просмотров

Атырау мұнай өңдеу зауыты «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы Кенжебек Шахметов әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері қоғамдық қабылдау өткізіп келеді. Бүгінде зауытта «Нұр Отан» партиясының 1150 мүшесі бар. Олардың саны күн санап артып келеді. Себебі, пратия қатарына өтуге жастар құлшыныс білдіріп келеді. 

Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауына 15 адам келіпті. Айта кеткен жөн, қабылдауға тек партия мүшелері ғана емес, зауыт зейнеткерлері мен аутсорсинг компаниялардың қызметкерлері де келген. Келушілердің шағымы да әр алуан. Мәселен, жыл басында партиялық қабылдауда болған зауыт ардагерлерінің бірі қолындағы немересін кәсіпорынға жұмысқа тұрғызуға көмек сұрай келген. Себебі, өзі зейнеткер, мамандық алған немересінен басқа да қолында мектеп жасындағы немерелері болған. Бастауыш партия ұйымының төрағасы зауыт басшылығына шығып, ардагердің өтініші оң шешілді.

      Қабылдауда көп балалы зауыт қызметкерлерінің жұбайлары да келіп, өз базынасын айтқан. Олардың дені баспана мәселесін қозғапты. Оларға зауыттың бүгінгі әлеуметтік саясаты түсіндіріліп, баспана жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға кеңес берілді.  Перетаска ауылынан көшірілуге жатпайтын үй тұрғындары да партия қабылдауында болған. Олар неліктен көшірілмейтінін білгісі келген. Келушілерге олардың үйлері санитарлық-экологиялық аумаққа кірмейтіні туралы жете түсіндірілді. Сондай-ақ, партияның қабылдауына аутсорсинг компнания қызметкерлері де шағымдана келген. Олар зауыттағы мердігер мекемеден айлықтарын ала алмай жүргендігі туралы айтқан. Бастауыш партия ұйымының араласуымен қызметкерлердің жалақылары толық өтелді.

      Бастауыш партияның қабылдауына келген адамдардың шағымы барынша шешімі тапқанша аяқсыз қалмайды. Бәріне де заңдылық тұрғыда жәрдем көрсетілмек.  

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу