«Атырау Мұнай және Газ»: іскерлік қатынастың жаңа белесі

11.04.2017
1336 просмотров

Атырауда 11-13 сәуір аралығында «Атырау Мұнай және Газ» атты XVI-шы Солтүстік –Каспий  өңірлік көрмесі өтті. Мұнайгаз және құрылыс салаларын біріктірген ірі көрмеге елімізден басқа 20 астам шет мемлекеттің 100-ден аса компаниясы қатысты. Көрмеге әр елден келген ірі мұнай компаниялары: мұнай өндіруші, сервистік қызмет көрсетуші және консалтингтік компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттары қызығушылық тудырды. Көрменің ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, KAZENERGY" қауымдастығы төрағасының орынбасары, Еңбек Ері Ұзақбай Қарабалин, Германияның Алматыдағы бас консулы Йорн Розенберг және «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантурлин қатысты.  

Көрмеге қатысушыларға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шын тілектестігін білдірді: «- Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанға инвестиция тарту аясында орындалып жатқан шара. Биыл Солтүстік Каспий өңірлік мұнай және газ көрмесі осымен 16 рет өткізіліп жатыр. Осындай шаралардың нәтижесінде облысымызда инвесторлардың шоғыры қалыптасты. Олар Атыраудың дамуына, жалпы еліміздің дамуына зор үлес қосып жатыр. Бұл форум іскерлік қатынасты орнатуға, орныққан ынтымақтастықты жалғастыруға, игерілмеген технологиялар мен техникаларды алуға үлкен септігін тигізеді. Іскерлік байланысқа сәттілік тілеймін!».

   Көрмеге келушілер антикоррозиялық жабынның, бұрғылаудың, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің инновациялық технологияларымен, мұнай өңдеуші кәсіпорындардың жабдықтарымен, көмірсутектерді тасымалдау және сақтау технологиясымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ,  көрме облысқа жаңа жаңа технологиялар мен жабдықтар тартуға, Қазақстан мен халықаралық мамандардың тәжірбие алмасуына, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға сеп болмақ. Халықаралық көрмеге ҚР Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК және KAZENERGY" қауымдастығы  ресми қолдау көрсетті.

     Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау және шетелдік компаниялармен қарым-қатынас орнатуда бұл инвесткөрменің маңызы зор. Сондай-ақ, Қазақстанда мұнай-газ секторында жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларды шетелдіктермен бірлесе игеруді көздеген келелі келісімдер осы көрме аясында жасалынғанын атап өткен жөн. Инвестформ қорытындысында Атырау облысы әкімдігімен инвесторлар арасында 3,3 млрд. теңгені құрайтын сауда-экономикалық бағыттағы 9 меморандумға қол қойылды. 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу