Ардагерлер хорының есептік концерті

01.03.2017
525 просмотров

Облыста майдан және еңбек ардагерлерінен құралған хорының есептік концерті өтті.

Хордың құрылғанына 20 жылдан астам уақыт болыпты. Құрманғазы атындағы қалалық мәдениет үйіне жиналған көрермен ардагерлер хорын ыстық ілтипатпен қарсы алды. Хорға құрылғалы бері Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Захарова жетекшілік етіп келеді екен. Ардагерлер хорының репертуарында елуден аса патриоттық ән бар. Осы кеште тыңдағанның жанын жадыратып, жігерін жанитын мұндай әндер көрерменге әсер сыйлады. Олар концерт барысында әскери-патриоттық әндермен қоса бейбітшілік, достық, махаббат туралы әндерді де орындады. Есептік концерт барысында орындалған әндерді көрермендер жылы қабылдады. Кешке қатысқан жастар мен әскери сарбаздар да танымал әндерді ардагерлермен бірге орындады. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерінен құрылған хорда зауыт зейнеткері Людмила Железнова ән айтады. Ол өзін осындай шығармашылық ұймға мүше екенін мақтан тұтады.   

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу