Масленица мерекесін атап өтті

28.02.2017
539 просмотров

    Қыстың соңғы күндері, көктем күн шуағын шашқанда, тамыры ежелгі жылдарда жатқан, жарқын жылулықпен, ерекше шаттықпен, жайлылықпен есте қалар мереке – Масленица тойланады. Славяндар мерекесін зауыт ардагерлері ерекше мән-мағынасымен атап өтті. 

Зейнеткерлердің ерлер бөлігі балық аулаудан сайыс өткізіп жатқанда, әйелдер жағы мерекенің көркін қыздырды. Масленица мейрамы күнтізбеде белгілі бір күнге нақты белгіленбеген. Биыл ардагерлер жайық жағасында Масленицаның соңғы күнін шығарып салды. Өзен жағасында халық әндері мен билері, тәтті сыйлықтар мен самаурында қайнатылған қою шай – нағыз мерекелік нышанды айғақтағандай. Масленица мейрамын зауыт ардагерлері: Н.Савина, Р.Наумкина, Л.Калмыкова, Л.Мирошниченко, К.Нұрмағамбетова мен Р.Тарабриналар арнайы мерекелік костюм киіп, нақышына келтіре тойлады. Масленицаның басты символы болған құймақтың түр-түрі ашық аспан аясында жайылған салтанатты дастарханның сәні болды. Дәстүрлі құймақпен бірге, арнайы дайындалған басқа да көптеген тағамдар балық аулаудан сайысқа қатысқан ардегерлер мен әуесқой балықшыларға ұсынылды.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу