Жаңғырту мәселелері талқыланды

20.02.2017
482 просмотров

«МТӨК құрылысы» жобасының жүзеге асуы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газды өңдеу жөніндегі аға вице-президенті Данияр Тиесовтің Атырау мұнай өңдеу зауытына кезекті жұмыс сапарында талқыланды. 

Мәжіліс алдында Д.Тиесов жобаны жүзеге асырушы компания өкілдерімен мұнайды тереңдетіп өңдеу құрылысы алаңдарын аралап көрді. Мәжіліске «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларын басқару департаментінің директоры Қ.Оразбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жаңа жобалар мен техникалық даму жөніндегі департаменті директорының орынбасары Ж.Туғанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларын басқару департаментінің менеджері А.Досжанов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық департаментінің сарапшысы Р.Теленчинов сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауыты басшылығы мен «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD», «НГСК «КазСтройСервис» АҚ, «Marubeni Corporation», «ПХСНГ ЖШС, «РТИ –АМӨЗ» ЖШС, «Petroleum” ЖШС өкілдері қатысты.  

       Мәжілістің бірінші бөлімінде мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысына тартылған компания басшыларының баяндамалары тыңдалды. Құрылыс алаңдарына жұмылдырылатын адам күші мен жұмыстың атқарылу кестесі, қажетті құрылыс материалдары мен құралдарды уақытында әкелу жайы талқыланды. 

      Мәжілістің екінші жартысында Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту нысандарын электрмен жабдықтау, айналма теміржол желісін пайдалануға беру және Lean6 Sigma «жасыл белдеу» жобасын жүзеге асыру, СУГ №1, СУГ №2 паркі құрылысы жобасы талқығы салынды. Таныстырылымды зауыттың бас энергетигі С.Хлопцев, «РТИ –АМӨЗ» ЖШС бас директорының орынбасары Н.Щербакова, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық департаментінің сарапшысы Р.Теленчинов пен «ПХСНГ ЖШС бас директоры Н.Ретаевтар өткізді. 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу