«Қазақстанның үшінші жаңғыруы- Жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

01.02.2017
551 просмотров

  атты Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдау мемлекеттің алдағы дамуын айқындайтын бес басым бағытты қамтиды.  

   

«Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз»-деп атап өтті Елбасы биылғы Жолдауында.

         Жолдауда үшінші жаңғырту «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болып, Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізілмек.

       Жолдау елдің алдағы дамуын айқындайтын бес басым бағытты қамтиды:

1.     Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

2.     Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.

3.     Макроэкономикалық тұрақтылық.

4.     Адами капитал сапасын жақсарту.

5.     Институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

  Әр басым бағыт бойынша Жолдауда Үкімет пен салалық министрліктерге нақты тапсырмалар жүктелген. Үкімет Жолдаудың негізінде «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлемек.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу