Төрағаның Алғыс хатымен марапатталды

17.01.2017
534 просмотров

«Қазақстан»  РТРК АҚ Басқарма төрағасы (Қазақстан Ұлттық телеарнасы) Кемелбек Ойшыбаев «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Бас директоры Ғалымжан  Амантурлинді Алғыс хатпен марапаттады. 

Алғыс хатта: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Елбасының қатысуымен өткен «Қазақстандағы жаңа индустрияландыру: орнықты даму мен прогресс үшін» атты жалпыұлттық телекөпірді ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаныңыз үшін алғысымды білдіремін!-делінген. Естеріңізде болса, 2016 жылдың 6 желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан дәстүрлі жалпыұлттық телекөпір өтті. Телекөпір барысында елде индустрияландыру картасы аясында 23 жоба іске қосылды. Атырау облысынан телекөпірге қатысқан біздің зауыт бойынша мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы жайында Елбасыға «Атырау МӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Амантурлин баяндаған болатын. Телекөпірде Бас директор зауыттың алғашқы жаңғырту кезеңін аяқтап, ароматикалық көмірсутектер өндірісі кешенінің  іске қосылғанын, кәсіпорында екінші жаңғырту кезеңі- «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің» құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын, жоба жүзеге асқанда ішкі нарықтағы жоғарыоктанды бензин мен авиаотындардың тапшылығы жойылатынын мәлімдеді. Шараға сондай-ақ, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысқан болатын.  

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу