Бала көңілдеріне қуаныш сыйлады

09.01.2017
589 просмотров

Жаңажылдық мерекеде Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы Сабыр Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінде болып, жеткіншектерге сыйлықтар таратты. Балалар үйінің тәрбиеленушілері жаңажылдық шыршада Аяз ата мен Қарша қызға өнерлерін көрсетіп, ертегі қойылымын тамашалады. 

Биылғы Жаңа Жыл думанында да балалар үйінің ұйымдастырушылары барын салған екен. Келген тауық жылы балаларға жаңа қуаныштар әкеліп, қызығы таусылмастай өтті. Балғындар да шыршаға ерекше дайындалғаны көрініп тұр. Ертегі кейіпкерлері мен бала қиялындағы киімдерін киіп, әсемденіп келген. Балалар шырша маңына жиналып, Аяз Атамен бірге Мешін жылын шығарып салып, Тауық жылын қарсылап алды. Аяз Ата мен Қарша қызға арнайы жаттап келген тақпақтарын айтты. Ұйымдастырылған түрлі байқаулар мен ойындарға белсене атсалысты. Мерекеде балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Бұл күні балалар үйіндегі меркелік шыршаға келген сыйлы қонақтардың бірі «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев еді:

-         Балалар! Жаңа Жыл құтты болсын! Жаңа жылда жаңа мақсаттарға жетіңдер! Бәріңіз талантты, талапты екендеріңіз көрініп тұр. Ол сіздерді осындай игілікті іске машықтандырып жатқан тәрбиешілерңіздің еңбегі. «Нұр Отан» партиясы тарапынан «Бақытты балалық шақ» жобасы жүзеге асып жатыр. Оның аясында біз сіздердің болашақтарыңыз үшін барынша еңбектенетін боламыз. Әр жыл сайын жетістіктеріңізді көрейік. Бүгінде осы балалар үйінің тәрбиеленушілері спортта, пән олимпиадаларында жүлделі орындар алып жүр. Осы жетістіктен таймаңдар! Жаңа Жыл құтты болсын!

 

   Балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтауға Атырау мұнай өңдеу зауыты ұжымы атынан зауыт «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы Кенжебек Шахметов,  зауыт басқармасы персоналды басқару бөлімі бастығының орынбасары Гуляра Өтеғалиева, әйелдер кеңесінің төрайымы Светлана Шапабаевалар қатысты. Кенжебек Шахметов балаларды жаңажылдық құттықтауында: «- Құрметті балалар! Біз Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы Сіздерді соңғы жылдары қамқорлығымызға алдық. Болашақта да бұл игілікті ісімізді жалғастырамыз. Сіздерден тек сабақты жақсы оқып, азамат болуларыңызды тілейміз. Жетістіктеріңізге әркез қуанып отырамыз. Тәрбиелеріңіз бар, өзара тату екендеріңізді көріп қуанамыз. Алда тек биікиерден көрейік!»-деп атап өтті.

Зауыт ұжымы балалардың бәріне де жететіндей тәттілер сыйлады. Бұл күні балаларды құттықтауға түрлі мекемелер атынан сыйлықтар әкелінді. Балалар қонақтарға концерттік қойылым көрсетті.   

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу