Құрметті зауыттықтар, қадірменді ардагерлер!

30.12.2016
538 просмотров

Сіздерді табалдырығымыздан аттағалы тұрған Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын!

Өтер жыл елімізде сындарлы оқиғаларға толы өтті. Жаңа кәсіпорындар іске қосылып,  әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық нысандар салынды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін салтанатты түрде атап өттік.  Осындай келелі мерейтойға зауыттықтар да өз үлестерін қосты. Бастысы - зауыт мұнайды өңдеудегі өндірістік бағдарламасын  толықтай орындап, сапалы өнімдер шығарды. Жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.

          Келер жылда біздің ұжым алдында үлкен мақсат тұр- мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысын аяқтап, қосып-баптау жұмыстарын жүргізу және каталитикалық крекинг технологиясын меңгеру.

         Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттайық! Ортақ кәсіпорнымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша зауыттықтардың отбасыларына құт - береке, денсаулықтары күйлі - қуатты, бақыты баянды, көңіл - күйлері тамаша болсын деп тілеймін!

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу