Кәсіподақтар марапатын иеленді

26.12.2016
589 просмотров

Атырау мұнай өңдеу зауытының кәсіподақ комитеті кәсіпорында ежелден бергі жұмысшылардың мүддесін қорғап келе жатқан ұйым. Зауыт еңбеккерлерінің түгелдей дерлігі кәсіподаққа мүше. Себебі, қызметкерлер ұйымға сенім артады, бастамасын жұмыла атқарады. Зауытың өнімді еңбек етуіне ықпал жасап келеді.  

Кәсіподақ комитеті еңбек заңды­лық­тарын сақтау, еңбек қауіп­сіз­дігі, басқа да еңбек жағдай­ла­рына байланысты өзекті мәсе­ле­лерді ұдайы назарда ұстап келеді. Сондай-ақ, зауыт ардагерлеріне қолдау, мерекелік шараларын өткізу кәсіподақ комитетімен атқарылып жүр. Қызметкерлердің балаларына да жазғы демалыстарын мәнді-де мағыналы өткізілуіне атсалысады. Бүгінде зауыттағы кәсіподақ комитетінің әр бөлімдерде бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар. Барлығы арнайы жұмыс жоспарын құрып кәсіподақ комитетімен бірлесе қызмет атқарады. Жыл аяғында кәсіподақ белсенділері бас қосып, қорытынды жиналыстарын өткізіп, келер жылы атқарылар жұмыстарын пысықтады. Жиналысты ашқан зауыт кәсіподағы комитетінің төрағасы Қанат Қабденов баршаны Жаңа жылмен құттықтады: - Өтер жылы кәсіподақ комитеті біраз игілікті жұмыстар атқарды. Біздің бастамамыз зауыт басшылығынан қолдау тауып, жүзеге асырылды. Биыл біз тұңғыш рет салалық кәсіподақтарға шығып, қызметкерлерімізді марапаттауды ұсынған болатынбыз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты ұсынысымыз қабылданып, салалық министрліктің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының түрлі марапаттарын иелендік. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Кәсіподақ белсенділері мен зауыт қызметкерлерін ынталандырады. Сондықтан да біз алда да осындай жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

          Басқосуда кәсіподақ комитетінің төрағасы Қанат Қабденов марапатталған қызметкерлерге ҚР Энергетика министрлігінің арнайы төсбелгілері мен Құрмет грамоталарын, салалық кәсіподақтардың Құрмет грамоталарын табыстады.

    ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты салалық министрлік пен кәсіподақтар марапаттаған «Атырау МӨЗ» ЖШС және аутсорсингтік компания қызметкерлері:

І.    ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен:

        1. Қасанов Нариман Бисенбайұлы- Мұнайды өңдеу өнідірісі бастығының орынбасары, тауарлы мұнай өнімдері өндірісінің бастығы.

         2. Сегізбаева Рая Шәмілқызы- Тауарлы мұнай өнімдері өндірісінің жүк жөніндегі инженері, цех комитетінің төрайымы.

ІІ.  ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен:

1.     Өтеғалиева Гуляра Мақсотқызы- зауыт басқармасы персоналды басқару бөлімі бастығының орынбасары.

2.     Қалмұратова Нұрсұлу Жұмақызы- Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені өндірісінің қоймашысы, цех комитеті төрағасының орынбасары.

  ІІІ.  Салалық «Мұнай химия кәсіподағы» ҚҰ Құрмет грамотасымен:

1.     Бекбаев Сағи Бисенбайұлы – Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені технологиялық қондырғысының операторы, «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы.

2.      Шапабаева Светлана Сисенбайқызы- «ОЗЗ» Сынақ орталығының химиялық сараптама лаборанты, «Атырау МӨЗ» ЖШС әйелдер Кеңесінің төрайымы.

3.     Мұхитова Балқия Гильманқызы- «Өрт сөндіруші» АҚФ аутсорсингтік компаниясының аға қоймашысы, цех комитетінің төрайымы. 

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу