Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

22.12.2016
544 просмотров

Еліміздің Ұлттық мерекесі-Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына, желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай зауыттың қазақ тілін оқыту курсы тыңдаушыларының қатысуымен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты шара болып өтті.  Шараның  мақсаты- тыңдаушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру. Өткенді  ұлығылап, ел тәуелсіздігі  жолындағы тарихи  қадамдарды насихаттау.

Шараның шымылдығы Әнұранмен ашылды. Мерекелік шара үш бөлім бойынша өтті. Бірінші бөлімінде ел тарихына саяхат. Екінші бөлімінде  1986 жылғы желтоқсан оқиғасын суреттейтін қойылым.Үшінші бөлімде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жеткен жетістіктері атап өтілді.

       Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтары жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістіктеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Тәуелсіздік қазақ халқының ежелгі арманы еді, небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кеткенінен бастап шағын тарихқа саяхат жасалды. Бөкей ордасындағы Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, Кенесары Қасымұлының қазақ жері үшін, халықты бодандықтан құтқару жолындағы күресі, 1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне шолу жасалды. Қазан революциясынан кейінгі қазақ даласындағы дүрбелең. Колхоздастыру, дәулеттілерді кәмпескелеу. 30 жылдардағы аштық нәубеті. Зиялылардың қуғын-сүргіні. Алаштың арыстары Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкірім Құдайбердіұлы, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Cәкен Сейфуллиндердің өмір жолы, шығармалары таныстырылды.  

    Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтар Отан үшін жанқиярлықпен соғысты. 500-ге тарта қазақ қаһармандарына ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың ерлік жолы бүгінгі жас ұрпақ санасында мәңгі сақталады.

     1986 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда басшылық ауысып. Бірінші басшыны Мәскеу тағайындады. Осындай отаршылдыққа қарсы көтерілген қазақтың студент жастары алаңға шығып, наразылықтарын білдірді. Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орайластырылған қойылым көрсетіліп, сол кезеңдегі жазықсыз жапа шекккен жастардың бастан өткергендері шынайы көрсетілді. Қаһарман Қайрат Рысқұлбековтің ролін сомдаған технологиялық сорғылар машинисі Жасөмір Ажыханов, тергеуші- МТӨК операторы Сағи Бекбаев, Қайраттың анасы- ОЗЗ лаборанты Айгүл Өтеғалиева, сот- сервистік қызмет көрсету өндірісінің механигі Ербол Кубашев, сот хатшысы- ОЗЗ инженері Райла Турешова және студенттерді ойнаған ППНГО, МТӨК қызметкерлері қойылымды әсерлеп шығарды.

  Үшінші бөлімде 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап ширек ғасырда Қазақстанның жеткен жетістіктері паш етілді. Мемлекеттік тілді оқып-үйренушілер: ОЗЗ лаборанты М.Джумалиева, Сервистік қызмет көрсету өнідірісінің инженері М.Артёменко, ЖЭО қызметкері Л.Дворянчик, ОЗЗ лаборанты А.Дворянчик, ОЗЗ лаборанты С.Карабасова, МТӨК сорғылар қондырғысының машинисі Г.Федоров, зауыт басқармасының бухгалтері Н.Мурза, ЖЭО электромонтері В.Савин, МТӨК операторы П.Байрамов, МТӨК ауысым бастығы А.Уртамбаевтар Отан, Тәуелсіздік, Қазақ елі туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып берді.

   Сан мың ұлттың басын татулық туы аясында топтастырған дархан да жомарт қазақ елінің тәуелсіздігі тұғырлы болсын деген тілекпен тарқасқан тыңдаушылар Қазақстан секілді бейбіт елдің азаматы екендіктерін мақтан тұтатындықтарын жасырмады.

                                                          Бибігүл Тоқабасова,                                                                                          

                                                          Мемлекеттік тілді оқытып-үйрету  орталығының оқытушысы

 

pt;line-height:115%;font-family:"Times New Roman","serif"; mso-fareast-font-family:"Times New Roman";mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-ansi-language:KZ;mso-fareast-language:RU;mso-bidi-language:AR-SA'>     Дүйсенбай Сидиханов бүгінде тауарлы мұнай өнімдері өндірісінде автоматтандырылған тактылы құю қондырғысында аға оператор. Зауыт ардагері, кәсіби маман атағы бар, «Құрмет тақтасына» да ілінген. Ол бастысы еңбек адамының өндірісті қозғаушы күш екенін біледі. Сондықтан да артынан ерген жастарды еңбегіне адал болуға үйретуде.          

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу