Құрметті зауыттықтар, қадірменді ардагерлер!

15.12.2016
624 просмотров

            Сіздерді «Атырау МӨЗ» ЖШС Басқармасы атынан Ұлттық мерекеміз - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

16 Желтоқсан - ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ арманы орындалған күн. Бұл күні ширек ғасыр бұрын, әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасы пайда болды.  Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығымен бүгінде Қазақстан қатардағы елден әлемдегі беделі айқын мемлекетке айналды. Өзгелермен терезесі тең сөйлесетін зайырлы, құқықтық-демократиялық іргетасы берік мемлекеттер шоғырына қосылдық. Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлеп келеміз.

     Ұлттық мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеймін! Елімізді өркендету жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын!

«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры-

Басқарма Төрағасы                                                     Ғалымжан Амантурлин  

 

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу