Мамандығым - мұнай өңдеуші...

30.11.2016
593 просмотров

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Атырау мұнай өңдеу зауыты тағылымды іс-шараларын жалғастырып жатыр. Апта басында зауыт жастарының белсенділері С.Қазыбаев атындағы балалар үйі мен №20-орта мектебінде болып «Мамандығым-мұнай өңдеуші» тақырыбында кездесулер өткізді. Мақсат –жас буынға жергілікті мұнай өңдеу зауыты туралы мағлұмат беріп, мұнай өңдеуші мамандығы туралы түсіндіру. Оқушылардың ойларымен бөлісіп, пікір алмасу.    

     

 Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйі кәсіпорынның белсенді жастарын жылы қарсы алды. Екінші ауысымда оқитын бір топ оқушы кездесуге барынша дайындалып келген. Балалар үйінің өкілдері алдымен қонақтарға өздері туралы таныстырып өтті. Балалар үйінің құрылғанына биыл 60 жыл толған. Тарихи мекен алғашқыда алыс елді-мекендердегі шопан балалары жатып оқитын интернат терінде ашылған. Кейіннен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты болып құрылған. Кезінде екі жүздің үстінде балаға дейін тәрбиеленген мектеп-интернатында бүгінде 40-қа жуық тәрбиеленуші бар. Қоғамдағы бастамалар мен мемлекеттің саясатына сәйкес, балаларды патронаттық тәрбиеге алу үрдісімен, біраз бала отбасыларын тапқан. Бүгінде балалар үйінің тәрбиеленушілер қаладағы мектептерде оқиды. Басқа ортаның балаларымен араласады. Осылайша қоғамға бейімделеді. Айтқандай, Атырау мұнай өңдеу зауыты балалар үйінің тәрбиеленушісі Ерсұлтан Өрбаевты қамқорлығына алған. Ерсұлтан жергілікті политехникалық колледжінде мұнай өңдеуші мамандығына оқып жатыр. Болашақта зауытқа жұмыс тұрып, кәсіпорынмен өмірін байланыстырмақ. Зауыт жастары өз кезегінде балаларға зауыттың тарихынан сөз қозғап, бүгінгі тынысынан хабардар етті. 70 жылдық тарихы бар зауыт алғашында мұнайды өңдеу арқылы тек көлік отындарын ғана шығарса, кейінннен өндіріске, тұрмысқа қажетті бірнеше өнім түрлерін шығарады. Осыған орай, зауыт жаңғырту кезеңдерінен өтіп жатыр. Өнім сапасы, оның бәскелеске қабілетті болуы да назардан тыс қалған жоқ.

  Мөлдір Шоханова, Орталық зауыт зертханасының лаборанты:

-         Алынатын барлық өнімнің сынамасына біздің зауыт зертханасында сараптама жүргізіледі. Әр өнімнің сапалық көрсеткіші бар. Біз түрлі зертханалық технологиялар арқылы өнімдерге сараптама жүргізіп, құрамын тексереміз. Мәселен, бензин немесе дизель отынын алайық. Оның құрамы зертханада өндіріс орнынан тікелей алынып тексеріледі. Егер оның құрамынан басқа да қажетсіз элементтер табылса, өндірістің жауаптыларына ескертеміз. Зауытта барлық өндірістік поцесс бір-бірімен тығыз байланысты.

Зауыт өкілдеріне балалар үйінің тәрбиеленушілері көкейдегі сұрақтарын қойды. Мәселен, мұнайдың адамзат үшін әлі қанша жыл қажеттілігі бар екендігі және мұнайдың бүгін беріп жатқан өнімдері осымен шектеле ме деген сияқты ауқымды сауалдар балаларды толғандырады екен. Бәрі де тұщымды жауаптар алды.

     №20 орта мектебі Тұрғындар қалашығында орналасқан. Зауыт жастары өкілдерімен мұнда жоғары сынып оқушылары кездесті. Кәсіпорын туралы балалар жалпы білетін болып шықты. Себебі, оқушылардың бірінің әкесі, ағасы немесе анасы зауытта қызмет етеді. Жас мамандар кездесу барысында өндірістік қондырғылардың макеті арқылы және шығатын өнімдердің сынамасымен балаларға ашық түсіндірді.

 Ахат Оразбаев, МТӨК ауысым бастығы:

-          Біздерге, жас мамандарға сіздермен кездесіп, мамандығымыз туралы айту сеніп тапсырылып отыр. Қай мамандық болмасын-мақтаныш. Ал, мұнай өңдеушіге артылатын жауапкершілік бір басқа.  Егер болашақта мұнай өңдеу саласына көңілдеріңіз ауса, бұл кездесудііңң маңызы зор деп білеміз. Мұнай өңдеуші маман алдымен, мұнайдың құрамын жақсы білуі тиіс. Ары қарай, өнімді шығару үшін өңдеу процестерінің өзі бірнеше сатыдан тұрады. Оны осында келген әріптестерім көрнекі құралдар арқылы түсіндіріп өтті. Бұл сіздермен өткен танымдық кездесуіміз. Кәсіпорын туралы жалпылай мағлұмат бердік деп ойлаймыз.

   Оқушылар өз кезегінде мұнай өңдеуші мамандарды Қазақстанда қай оқу орындары дайындайтынын, зауытта тағылымдамадан өту жайын сұрап білді. Жалпы кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, зауыттың қоғамдық-саяси өмірдегі маңызынан да хабардар болды.  

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу