Экологиялық ахуал ақпараты

30.11.2016
571 просмотров

(2016 жылдың 24 қараша мен 29 қараша аралығы)

   Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 91 200 м3  құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 45 623 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың  18 558 м3, яғни, 28,9% тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 348 зерттеу, айналма сулардың сапасына 84, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен  өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 219 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 2 968 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 39 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың  шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу