Жер- біздің ортақ үйіміз

29.11.2016
590 просмотров

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен 29 қарашада Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясында «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты театрландырылған қойылым байқауы өтті. 

Қоғамдық бірлестік мүшелері шараға барынша дайындалған. Қазақстан - көп ұлтты  мемлекет. Онда көптеген ұлттың өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде. Олар бір - біріне дос, бауыр, жолдас. Қазақ елі, жері барлық жағынан бай. Елінің ынтымағы жарасқан. Жерінің қойнауы толған кен, жайлауы толған мал, даласы толған егін. Қазақ жерінің байлығы көз тұндырады. Театрландырылған қойылым халықтар достығын паш етумен қатар, осындай иігілікті қорғау туралы өрбіді. Ұйымдастырушылар мен қойылымға қатысушылар көріністі шынайылықпен шығарған. Осындай келелі қойылымға Атырау мұнай өңдеу зауытының ардагерлері көреремен ретінде қатысып, тың әсер алды.                   

         

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу