Тәуелсіздік балалар көзімен...

22.11.2016
669 просмотров

24 қазан мен 11 қараша аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің балалары арасында өткен «Тәуелсіздік мерейтойы» сурет байқауының қоыртындысы жарияланды. Байқау атауы айтып тұрғандай Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Өткен жұмада байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын «Атырау МӨЗ» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Қанат Қабденов ата-аналарымен бірге қабылдап, құттықтады. 

Жалпы «Тәуелсіздік мерейтойы» сурет байқауына 7-12 жас аралығындағы 30 оқушы қатысыпты. Олардың туындылары 7-9 жас, 10-12 жас аралығында екі топқа бөлініп сараланды. Ол үшін арнайы қазылар алқасы құрылған болатын. Өткен жұмада байқаудың қорытындысына орай балаларды қабылдаған кәсіподақ комитетінің төрағасы Қанат Қабденов байқауға қатысқан балалардың талғамы жоғары екенін атап өтті:

-          Қазылар алқасы байқау қорытындысын шығарарда көп ойланды. Салған суреттерің тақырыпқа қарай сан алуан. Бәріңнің де ойлағандарың бала көзімен қағазға түскен. Өте жақсы дайындықпен, барынша бәрін қамтып салынған. Бала санасының шексіз екенін байқадық. Мәселен, Тәуелсіздікті бір оқушымыз ұлттар достығы арқылы суреттесе, бірі көгершін бейнесін салып, бейбітшілікті дәріптеген. Сондықтан да сурет байқауы арқылы біз балаларымыздың қаншалықты талантты екенін білдік. Сабақтарыңды жақсы оқып, болашақта білімді азамат болуға талпыныңдар! Осы жерге біз ата-аналарыңды да шақырып отырмыз. Олар тәуелсіздік жылдары осы зауытта жұмыс істеді. Әлі де кәсіпорынның дамуына үлесін қосып жатыр. Мен зауыт басшылығы атынан Сіздерді меркемен құттықтаймын!

 Сурет байқауына қатысушылардың туындылары көпшілік назарына қойылған. Шынында оқушылар байқауда бар өнерлерін салғаны байқалып тұр. Суреттегі идеялық орамдары да әр түрлі. Бастысы олар- бала көзімен тәуелсіздіктің маңызын жеткізуге тырысқан. Қазылар алқасы келіп түскен туындыларды тақырыпқа сәйкестігі, шынайылығы мен суреттің көркемдігі және идеяның ашылуына қарай бағалаған. Осыған орай, зауыт кәсіподағы комитетінің төрағасы Қанат Қабденов 7-9 жас, 10-12 жас аралығындағы жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Басқа қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. 

7-9 жас аралығындағы жеңімпаздар:

І орын- Ернұр Ізбасар;

ІІ орын- Іңкәр Жолдасова;

ІІ орын – Бақытжамал Мәдиханқызы;

ІІІ орын- Жадыра Мұрат;

ІІІ орын – Дарья Прыткова.

10-12 жас аралығындағы жеңімпаздар:

І орын- Дамира Иманғалиева;

ІІ орын- София Олейник;

ІІ орын- Факия Иманғалиева;

ІІІ орын- Сағима Үзбаева.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу