Экологиялық ахуал ақпараты

18.11.2016
576 просмотров

(2016 жылдың 10 қараша мен 16 қараша аралығы)

Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 97 900 м3  құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 51 929 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың  26 257 м3, яғни, 33,6%  тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 425 зерттеу, айналма сулардың сапасына 94, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен  өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 317 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 690 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 39 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың  шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу