Волейболдан сайыс басталды

17.11.2016
612 просмотров

15 қарашада қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, зауыт өндірістері арасында волейболдан сайыс басталды. 

Спорттық шараның ашылуы салтанатында «Атырау МӨЗ» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Қанат Қабденов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды келелі мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. Ресми бөлім аяқталған соң, командалар алаңға шығып, сайыстың көркін қыздырды. Бқл күні бірінші топтың командалары ойынын аяқтады. Нәтижесінде жартылай финалға мұнай өңдеу және терең күкіртсіздендіру өндірісінің және ароматикалық көмірсутек өндірісінің командалары шықты. Қалған командалар апта аяқталғанша ойынын жалғастырады. Сайыс «Нұрсая» олимпиадалық резервтерді дайындау орталығында өтуде.  

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу