Тапсырысты мерзімінде орындау парыз

15.11.2016
588 просмотров

Келелі жаңғыртудың үшінші кезеңіне өткен Атырау мұнай өңдеу зауытынан жөндеу механикалық цехы аутсорсингке өтіп, 2015 жылдың               7 шілдесінде өз алдына серіктес болып құрылды. Қазіргі атауымыз «ҚазМұнайГаз – Инжиниринг» ЖШС мекемесі. Биыл аутсорсингтік қызмет атқарғанымызға бір жыл толды.  Осы кезең ішінде ұжымның персоналы бұрынғы күйінде сақталды. Бұрыннан қызмет етіп келе жатқан 226 адамның ешқайсысы қысқарған жоқ. Жалақылары да, көтерме сыйақылары да кеміген емес. Бастысы ұжым өз алдына  іс - әрекет етуге көшті. 2016 жылдың 20 сәуірінде ұжымымыздың құрамы жаңғыртудың төртінші кезеңіне аяқ басқан зауыттағы мұнай өңдеу өндірісінің және жылу электр цехы жөндеушілерінің құрамымен толықты.

Біз зауытқа қызмет көрсетеміз, ал жұмысымызды ұйымдастыру өз еншімізде. Ол алдымен қызмет көрсетуді ұтымды шешу. Атырау мұнай өңдеу зауыты біздің басты да, жалғыз тапсырысшымыз. Сондықтан арадағы келісім- шартта көрсетілген әрбір міндет әрбір тармақ жуапкершілікпен орындалуы қажет. Біз осыған мән береміз. Біздің негізгі міндетіміз- кәсіпорынға сапалы да, қауіпсіз, техногендік өңдеу құрылғыларының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету арқылы жөндеу жұмыстарын мерзмімінде жүргу. Бізде 4 ауысыммен жұмыс жасайтын әр жұмысшы мамандық иелерінен құрылған топ жұмыс жасайды.

Цехта бірнеше бөлім бар:

1.     Сыртқы технологиялық қондырғыларды жөндеушілер;

2.     Ішкі жөндеушілер;

3.     Дәнекерлеушілер;

4.     Жонушылар;

5.     Сорғы-компрессор жөндеушілері;

6.     Бекіту арматуршылары;

7.     Зертхана мамандары;

8.     Тербеліс мамандары.

      Бірнеше бөлімен құрылған цехтың атқаратын қызметі сан саналы.    Зауытта өткізілетін ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына барлық бөлім қатысады.

Дербес мекеме болып бөлініп шыққалы ЭЛОУ-АВТ қондырғысында П-1/2 жылыту пештерін өз күшімізбен, 2 ауысым уақытымен 40 жөндеуші, 8 дәнекерлеушімен тапсырысты берілген  уақытынан бұрын бітіріп, 24 дана рекуператор ауыстырылды. Сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде  ЭЛОУ – АТ-2 қондырғысында П-1, П-2 жылыту пештерінде ескі құбырларды анықтап 22 данасын ауыстырып, УЗК  П-1, П-2, П-3, П-4 жылыту пештеріндегі құбырлар жөнделді. Т-30, Т-37 жылуалмастырғыш аппараттарын жаңарттық.  Тауарлы мұнай өнімдері өндірісі (№4 цехтың) тапсырысы бойынша №122, №137 қазандықтарының едендеріне жаңарту жұмыстарын жүргіздік. Күрделі жөндеу кезінде қондырғыдағы барлық  сорғы- компрессорлар толықтай тексерістен өткізіледі, оған біздің мамандар бастан-аяқ қатысады. 

Біздің ұжым сондай-ақ, зауытта өткізілетін әр түрлі қоғамдық шаралардан тыс қалған емес. Барынша белсене араласып келеді. Біз үшін басты ұстаным - тапсырысты мерзімінде әрі сапалы орындау.

 

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу